MediaNet и Factcheck.kz против фемицида и гендерного насилия!
Біз зорлық-зомбылыққа тап болған барша әйелге қолдау білдіреміз.
Әйелдерге қатысты қатыгез және елеусіз қалған әрі тиісті жазасы шықпаған қылмыстар Қазақстанның заңнамасы, құқық қорғау жүйесі мен жұмысының тиімділігіне күмән келтіреді.
Қазақстанда жыл сайын жүздеген әйел өз жақынының қолынан қаза табады. Қазақстан әйелдері ар-ожданы мен өмірін қорғауды талап етеді. Алайда, оның орнына, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер виктимблеймиңге, полицияның басынуына, қудалауға, қорқыту мен қоғам тарапынан қысымға ұшырайды. Қолданыстағы Қазақстан заңнамасы өз азаматтарын тиісті деңгейде қорғай алмайды. Мұны өзгерту керек!
MediaNet және Factcheck.kz келесіні талап етеді:
- Тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың жазасыз қалуына жол бермеу керек. Заң әйелдерді әділ қорғауға және қылмыскерлер сөзсіз жазаланатынына кепілдік беруі қажет.
- Құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету. Әйелдерге қарсы қылмыстарды тергеудің ашықтығын, әділдігін және жариялылығын қамтамасыз ету қажет.
- Фемицидтің алдын алу. Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа және әйелдерді кемсітуге бейтолерант болуға, гендерлік бастамаларды қолдауға шақырамыз.
Петицияға қол қойыңыз: https://www.otinish.kz/ru/petition/61/?fbclid=PAAaYEKQLI5V2TVbWLtVl_Y7-8Vg34GInzYMNFYdJMNQxdpGMQxaphIa7wLjc_aem_ASKdDmty-mIHVS0ImyT8GaYOdHQbqX9uEV7_hSZdnhrS0Zbbon3TddC2g5IhZF2pknI