Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті – дауыс беру басталды
Құрметті журналистер!
Қазақстандағы алғашқы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетін құруға үміткерлерден өтінім жинау аяқталды. Редакциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары өз кандидаттарын ұсынды. Өзін-өзі ұсынған үміткерлер де бар.
Екінші іріктеу кезеңі – ашық дауыс беру басталады. Бұл туралы осы комитетті құру жөніндегі бастамашыл топ – «Қазақстанның медиа желісі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі өкілдері хабарлады.
Кандидаттар тізімінде 17 адам бар. Оның 13-і – медиа саласы өкілі, 4-уі – азаматтық сектор өкілі (ақпараттық дауларды шешуде тәжірибесі бар заңгерлер, қоғам қайраткерлері). Оның ішінде қоғам ашық дауыс беру арқылы 9 адамды сайлайды (барлық кандидат лауазымы мен регалиясы көрсетілген тізім құжат соңында берілген).
Медиа: Жұлдыз Әбділда, Оразай Қыдырбаев, Руслан Никонович, Қанат Сахария, Светлана Офицерова, Риза Исаева, Руслан Бахтыгареев, Мейрамхан Жәпек, Ербол Азанбек, Азамат Ахметов, Ирина Тетерина, Ержан Сүлейменов, Әбдіхалық Олжас.
Азаматтық сектор: Темірлан Төлегенов, Диана Окремова, Бағлан Мақұлбеков, Ольга Чебакова
Мына сілтемені басып дауыс беруге болады.
Дауыс беру қалай өтеді?
Қоғамдық комитет құрамына 9 адам кіреді. Әр сайлаушы екі маманнан – біреуін «медиа» саласынан, біреуін «азаматтық сектордан» сайлайды.
Дауыс беру 22 шілде, бейсенбінің түн ортасына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 24.00-ден кеш берілген дауыстар есепке алынбайды.
23 шілдеде жиналған дауыстардың көпшілігі негізінде Қоғамдық комитетті ұйымдастыру жөніндегі бастамашыл топ ең жоғары балл жинаған 9 адамды анықтайды. Оның ішінде 6 адам «медиа» номинациясы бойынша, 3 адам «қоғамдық ұйымдар» номинациясынан анықталады.
Қоғамдық комитет қалай жұмыс істейді?
Медианың өзін-өзі реттеу ұйымдары әлемнің көптеген елінде бар. Бұл қоғамдық бастама, диалог алаңы, онда эксперттер белгілі бір БАҚ-тың немесе журналистің іс-әрекетіне қатысты шағымдармен айналысады. Даулы жағдайды бағалау үшін соттан гөрі эксперттерге бару жеңілірек екенін әлем тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазақстанның қоғамдық комитеті жұмысында Медианың негізгі принциптерін басшылыққа алады. Комитеттің міндеті – дауларды сотқа дейін шешу, кәсібилікті арттыру, медиа-бедел институтын құру. Жұмыс принциптері туралы толығырақ «Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті туралы» ережесінен оқуға болады.
Өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетіне үміткерлер тізімі («Медиа»):
1 | Жұлдыз Әбділда, «Ұлан» газеті бас редактордың орынбасары/ заместитель главного редактора газеты «Ұлан» |
2. | Светлана Офицерова, “Учительская плюс” газетінің бас редакторы, Қостанай/ главный редактор газеты “Учительская плюс”, Костанай |
3. | Канат Сахария, «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС-нің басдиректоры/ Генеральный директор TOO «MEDIA HOLDING “ATAMEKEN BUSINESS» |
4 | Ержан Сүлейменов, қазақстандық медиа продюсер және тренер/ казахстанский медиа продюсер и тренер |
5. | Руслан Никонович, “Жаңа FM” радиосы және “Новое телевидение” телекомпаниясының бас редакторы/Главный редактор ТК “Новое Телевидение” и радио “Жаңа FМ” |
6 | Риза Исаева – KIMEP-тің журналистика магистрі/ магистр журналистики KIMEP |
7 | Ирина Тетерина, Журналист, “Informburo.kz” бас редакторының орынбасары болып қызмет еткен/журналист, была заместителем главного редактора «Informburo.kz» |
8. | Мейрамхан Жәпек – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ҰҒО АҚ қоғаммен байланыс бөлімі басшысы/ Руководитель отдела по связям с общественностью АО НПЦ «Тіл қазына» им. Ш.Шаяхметова |
9. | Әбдіхалық Олжас, «Жаңа Түркістан» газетінің бас редакторы, главный редактор газеты «Жаңа Түркістан» |
10. | Руслан Бахтыгареев, «Время» газеті бас редакторының орынбасары/заместитель главного редактор газеты «Время» |
11. | Ербол Азанбек, «Kaspi Bank» АҚ БАҚ-пен байланыс басқармасының басшысы, журналист, медиаэксперт/Медиаэксперт, журналист, руководитель управления по связям со СМИ АО «Kaspi Bank» |
12 | Азамат Ахметов – Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасы түлегі/ выпускник кафедры социальных наук, журналистики и информации Павлодарского госуниверситета |
13 | Оразай Қыдырбаев, SDU университетінің аға оқытушысы, медиа зерттеушісі/ старший преподаватель SDU, исследователь медиасферы |
Үміткерлер тізімі, «азаматтық сектор» болгы, басқа да шығармашылық мамандары, заңгерлер:
1. | Темірлан Төлегенов, авторлық құқық бойынша эксперт/ Темирлан Тулегенов, эксперт по авторскому праву |
2. | Бағлан Мақұлбеков – отставкадағы судья/ cудья в отставке |
3. | Диана Окремова – Құқықтық медиа орталық директоры / Директор Правового медиа центра, |
4 | Ольга Чебакова – “Волонтеры Кызылорды” қоғамдық қорының жетекшісі / руководитель общественного фонда «Волонтеры Кызылорды» |
БАЙЛАНЫС:
Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Телефон: +7 777 213 13 67 Бақтыгүл Бурбаева