MediaNet Халықаралық журналистика орталығы – 2004 жылы бір топ қазақстандық журналистер құрған коммерциялық емес сипаттағы үкіметтік емес ұйым.
Мақсаты:
- Қазақстан мен Орталық Азия Елдеріндегі медиалық білімді дамыту, қазақстандық және халықаралық медиа-саласында мамандарды дайындау;
- Қазақстан журналистерінің жаңа толқынын қалыптастыру. Олар бейтарап ойлайтын, әлеуметтік тұрғыдан белсенді, кәсіби әрі тәуелсіз болуы тиіс;
- БАҚ өкілдерінің біліктілігі мен кәсібилігін арттыруға ат салысу;
- Қазақстан, Орталық Азия және ТМД елдері журналистері арасында байланыс орнату;
- БАҚ пен қоғам арасында байланысты одан әрі жетілдіру;
- Масс-медиа өкілдерімен бірлесе отырып азаматтық қоғамды қалыптастыруға ат салысу;
Орталық журналистиканың дамуы және журналистердің бостандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайтын қазақстандық және халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін MediaNet журналистика саласында 120-дан астам жобаны жүзеге асырды. MediaNet журналистика саласында 120-дан астам түрлі жобаларды жүзеге асырды.
Ұйым бірнеше бағытта жұмыс істейді:
Журналистика саласында білім беру
Медиа-Мектеп – 2005 жылдың 16 ақпанынан жұмыс істеп келе жатқан MediaNet-ң негізгі жобасы. Осы уақытқа дейін 800-ге жуық түлекті оқытты. MediaNet медиа-мектеп жұмысымен қатар медиа саласының өкілдеріне әртүрлі семинарлар мен тренингтер өткізеді. Олар: Ақпаратты визуализациялау (Мәліметтер визуализациясы), мультимедиалық журналистика, журналистік зерттеу, экологиялық журналистика, тележурналистика, әскери журналистика, журналистік этика, блоггинг, экономикалық журналистика, қаржы саласындағы журналистика, гендерлік мәселелер, БАҚ-тағы ұлттық мәселелер, фотожурналистика және т.б.
Журналистика бойынша оқулықтар шығару
MediaNet дайындаған әдебиеттер арасында «Қазақстан журналистерінің тәжірбиесі» (2006ж) нұсқаулығын айтуға болады. Нұсқаулықты практик-журналистер, заңгерлер, қоғаммен байланыс саласының мамандары дайындады. 2008 жылы кітап жаңартылып қазақ жәні орыс тілдерінде 5000 данамен жарыққа шықты. 2007 жылы «Қазақстандағы Парламенттік журналистика» атты практикалық нұсқаулық жазылды. «ЖОО-да медиалық құқықты оқыту», «Экологиялық журналистика» сынды бірнеше кітаптар MediaNet халықаралық журналистика орталығына тиесілі. Қазіргі уақытта кітаптар электронды және қағазға басылып шығарылады.
Үкіметтік емес ұйымдар мен Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс
MediaNet 2005 және 2009 жылдар аралығында Үкіметтік емес ұйымдары мен Бұқаралық ақпарат құралдары арасында байланысты нығайтуға арналған жобаны жүзеге асырды. Жоба шеңберінде Қазақстанның 20 қаласында «ҮЕҰ БАҚ үшін ақпарат көзі» тақырыбында семинар-тренингтер өткізілді. 2005 жылы «Қазақстандық ҮЕҰ анықтамалығы» атты кітап жарыққа шықты. Оған еліміздің 640-қа жуық белсенді қоғамдық ұйымдар жайлы ақпарат енгізілді. Анықтамалық 2006 жылы қайта басылды. Сонымен қатар, жоба шеңберінде 2009 жылы «ҮЕҰ, БАҚ және мемлекеттік мекемелер: тиімді байланыс орнатудың кілті» атты практикалық нұсқаулық жарыққа шықты.
Құқық, құқыққорғау саласы
Қазақстандық журналистер мен масс-медиа құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында жобаларды жасады. Қазақстанның төрт жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінде тәжірбелі заңгерлер медиа және еңбек құқығы бойынша арнайы курс өткізді. 2007 жылы қазақ және орыс тілдерінде жазатын он қазақстандық БАҚ редакциялары «БАҚ-қа арналған заңгерлік кеңес» бағдарламасына қатысты. 2007 жылдың маусым айынан бастап Қырғыстандық «Голос свободы» қоғамдық қорымен бірігіп «Голос свободы Центральной Азии» жобасын жүзеге асырды. Voice of Freedom – www.vof.kg құқыққорғау тақырыбындағы порталды дайындады.
2009-2012 жылдар аралығында өзге ҰЕҰ-дармен адам құқықтары жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын дайындауға қатысты. Қазір «2015-2020 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Екінші Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын жасап, іске асыруда азаматтық қоғамның үлесін арттыру» жобасын жүзеге асыруда.
MediaNet іске асыратын және іске асырған жобалардың толық сипаттамасын “MediaNet жобалары”айдарынан табуға болады. Жобалардың сипаттамасы “есептер” айдарында да берілген. MediaNet серіктестерінің тізімімен тиісті айдардан танысуға болады.
Міндетіміз
Қазақстан мен Орталық Азия Елдерінде азаматтық қоғамды қалыптастыру, қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсету және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
Әділ Джалилов
Директор
Думан Смақов
Директордың орынбасары
Бота Аязбаева
Даму жөніндегі директор
Игорь Братцев
Сарапшы
Мөлдір Өтегенова
Жоба менеджері
Алена Кошкина
Жоба менеджері
Снежана Цой
Жоба менеджері
Медет Есімханов
Factcheck.kz сайтының орыс тілді нұсқасының бас редакторы
Абзал Бектұрған
Мультимедиа редактор
Мунира Ахмарова
Бас бухгалтер
Маржан Жиенбаева
Бухгалтер