MediaNet-ке қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды
Құрметті достар, қадірлі әріптестер,
Бүгін MediaNet Халықаралық журналистика орталығына қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізу тоқтағанын қуанышпен хабарлаймыз! Өздеріңіз білетіндей о баста Заң мен әділдіктің біз жақта екеніне сенімді болдық.
MediaNet – барлық Заңдарды сақтайтын ұйым. Біз өзіміздің тәуелсіздігіміз бен демократиялық құндылықтарымызға адалмыз және адал болып қала береміз.
Бізді қолдап, қолтығымыздан демеген баршаңызға алғысымыз шексіз!