Литва, Украина, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан сарапшылары Қазақстан мектептерінің жоғарғы сыныптары үшін медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша алғашқы оқулықтың форматын талқылады
2019 жылы 28 маусымда Алматыда медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша халықаралық және қазақстандық сарапшылардың кездесуі өтті.
Күннің бірінші жартысында Павел Банников, FactCheck.kz бас редакторы, FactCheck Academy курсының авторы әріптестеріне ақпаратты тексерудің қазіргі заманғы құралдары туралы айтып, қазақстандық оқушылар үшін медиа сауаттың өзекті маңызын атап өтті.
Сарапшылар дөңгелек үстел форматында Қазақстан мектептеріне арналған медиасауаттылық бойынша болашақ оқулықтың негізгі тақырыптарын талқылады.
Белсенді талқылау барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Қырғызстаннан келген әріптестер Орталық Азияда алғаш рет оқушылар арасында медиа сауатты дамыту жайлы тәжірибесін тыңдау қызықты болды. Қырғызстандағы БАҚ қолдау орталығының сарапшысы Айчүрек Усупбаева олардың ұйымдастыруымен мұғалімдерге, оның ішінде өңірлерге арналған тренингтер арқылы оқу-әдістемелік материалдар мен онлайн медиа сауат курстарын өткізіп жатқанын айтты. Сондай-ақ Қырғызстан оқушылары үшін Media Camp ұйымдастырады. Әріптестердің кездескен негізгі мәселесі -педагогикалық қоғамдастық арасында қызығушылықтың төмендігі болғанын айтты.
Литва Журналистер одағының төрағасы, медиасарапшы Дайниус Раджевичус кездесуге қатысушылардың назарын оқулықтың контентіне аударды. Ол сондай-ақ көптеген ақпарат тұтынушылары бар ақпараттық көпіршігін ескеруге шақырды. Жасөспірімдерге кино, компьютерлік ойындар мен спорт тақырыбы жақсы әсер етуі мүмкін.
Жоғары санатты мұғалім Татьяна Юрченко да ойын форматындағы жаттығуларды құрастыруды және содан кейін теорияға ауысуды ұсынды.
Дегенмен, бүгін көптеген дәлелдер айтылды, соның арқасында күн соңында редактордың басшылары мен авторларының тізімі дайын болды. Болашақ оқулық авторларының арасында:
Олександр Гороховский, жобаның негізін қалаушы “БезБрехни.ua”, сертификатталған жаттықтырушы және медиа сауат және фактчекинг бойынша кітаптың авторы;
Дайниус Раджевичус, Литва мемлекеттік университетінің профессоры, Литва Журналистер одағының төрағасы, медиасарапшы;
Таша Соколова, редактор, медиатренер, “медиа мониторы” жобасының негізін қалаушы»;
Айчүрек Усупбаева, Қырғызстан медиа қолдау орталығының сарапшысы»;
Дмитрий Шишкин, журналист, медиатренер.
Қазақстан мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына арналған медиа және ақпараттық сауаттылық оқулығының алдын ала нұсқасын оқу жылының басында аяқтау жоспарланып отыр.
Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы USAID және InterNews қолдауымен жүзеге асырады.