Орталық Азиядағы медиа және ҮЕҰ-ның 25 өкілі цифрлық сын-қатер мен қауіпке қарсы тұру амалдарын үйренді
2023 жылғы 7–9 желтоқсанда Алматы қаласында «Орталық Азиядағы цифрлық құқық пен мүмкіндіктер» трениңі өтті. Оқуға «Цифрлық құқық пен еркіндікке төнетін қауіппен күрес амалдарын үйрету және оларды Орталық Азия мен Шығыс Еуропада пайдалану қауымдастығы» жобасының 25 мүшесі қатысты. Олардың қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қазақстаннан жиналған заңгерлер, журналистер, фактчекерлер, блогерлер, IT-мамандар мен медиа-ҮЕҰ өкілдері бар.
Іс-шарада негізінен сарапшылар пулын кеңейту, цифрлық құқық пен еркіндік саласындағы ұйымдардың әлеуетін нығайту, оның ішінде Орталық Азия елдері заңнамаларындағы цифрлық құқық, жеке деректерді қорғау, цифрлық қауіп пен аңдуға қарсы шаралар сынды тақырыптарға басымдық берілді.
Тренерлер қатарында Access Now сарапшылары – Анастасия Жирмонт пен Наталия Крапива, “Еркіндік Қанаты” ҚҚ сарапшысы – Роман Реймер, Digital Paradigm ҚҚ-нан – Елжан Қабышев, «Өзбекстандағы заманауи журналистиканы дамыту орталығы» сарапшысы – Мадина Турсунова бар.
Ұйымдастырушылардың мақсаты, ақпараттану дәрежесін арттырудан бөлек, аймақтағы адамдар тап болып жатқан цифрлық сын-қатер мен қауіпке әсер ететін нетфоркиң мен кәсіби бастамалар құруға септігін тигізу болатын. Іс-шарада грант бағдарламасы мен жоба қатысушыларына басқа да мүмкіндіктер таныстырылды.
Жобаны «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры «Ашық Қоғам» Қорларының қолдауымен жүзеге асырды.
Егер сіз жоба мүмкіндіктері туралы көбірек білгіңіз келсе, бізге хабарласыңыз: info@medianet.ngo