Turkmenistan Media Literacy 2024
Құрметті әріптестер және серіктестер!
Turkmenistan Media Literacy 2024 бағдарламасының іске қосылғанын қуана хабарлаймыз. Жоба Түркіменстанда медиа және ақпараттық сауат пен фактчекиң бойынша сарапшылар қауымдастығын құруға және дамытуға бағытталған.
Кәсіби комьюнити қалыптастыру үшін Түркіменстанның барлық уәлаяттарынан 50 қатысушыға үш күн трениң өткіземіз.
Бағдарламаға журналистер, редакторлар, оқытушылар, медасарапшылар, продюсерлер, медиакреаторлар, СММ-мамандар мен өзге де қызығушылық танытқандар қатыса алады.
Трениң Ашхабад қаласында 2024 жылдың 2-4 сәуірінде өтеді.
Оқыту тілі – орысша, түркімен тіліне синхронды аударма болады
Мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://forms.gle/4ViAb7pdyfFC3vfm9
Өтініш 2024 жылғы 24 қаңтарға дейін қабылданады. Орын саны шектеулі. Оқыту конкурс негізінде тегін жүзеге асырылады. Түркіменстан уәлаяттарынан өтініш бергендерге басымдық беріледі. Ұйымдастырушылар жол ақысы, тұратын жері мен трениң кезіндегі тамақтану секілді шығындарды өтейді.
Бағдарлама тренерлері – Factcheck.kz редакциясы, әлеуметтік сала, экономика, саясат пен мәдениет салалары туралы ақпарат тарату тәжірибесі бар кәсіби журналистер. Factcheck.kz – Орталық Азиядағы алғашқы қазақстандық фактчекиң ресурсы.
🔍 Үш күндік трениң кезінде қатысушылар медиа және ақпараттық сауат пен фактчекиң бойынша негізгі машықтарды меңгереді:
- Ақпарат түрлері және ақпараттық гигиена;
- Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері мен қаупі;
- Фактчекиң әдістемесі мен ақпарат дереккөздері;
- Фейктер мен жалған ақпарат және т.б. тексеру құралдары.
Оқу аяқталған соң, курсты бітіргендер жоба тақырыбы бойынша мультимедиалық материалдар жасап, оны жариялауы керек. Сарапшылық қолдау үшін менторлардан онлайн-консультация алу жоспарланған.
Ең белсенді 15 қатысушы 2024 жылдың шілде айына жоспарланған медиа және ақпараттық сауат пен фактчекиң бойынша тренерлерге арналған төрт күндік трениңге шақырту алады.
Түркіменстандағы медиа және ақпараттық сауат пен фактчекиңді алға жылжытатын сарапшылар қауымдастығына қосылу мүмкіндігінен айырылып қалмаңыз!
____________________________________
Медиа және ақпараттық сауат – этикалық және заңды негізде қажет құралдарды пайдалана отырып ақпарат пен медиа өнімді жасауға, таратуға, талдауға, қолдануға, сыни бағалауға, анализдеуге мүмкіндік беретін білім, машықтар, ұстанымдар мен практикалар жинағы (UNESCO, 2023).
Фактчекиң (fact-checking) – кейінгі жылдары кибер-гигиена мен медиа сауаттың ең маңызды элементтерінің бірі. Ең басында журналистік зерттеумен бірге бақылау журналистикасының жанры болған. Қазіргі таңда жалған ақпарат артып кеткендіктен, бәріне қажет машық болып отыр.
MediaNet халықаралық журналистика орталығы, Factcheck.kz (Қазақстан) Түркіменстандағы АҚШ Елшілігі мен «Түркіменстан экономистер одағы» ұлттық қоғамдық бірлестікпен серіктестікте ұйымдастырып жатыр.
Қосымша ақпарат алу үшін: usembassy-ashgabat-pas@state.gov