MediaNet сарапшылары Түркіменстандағы әріптестерге медиа сауат пен фактчекиңге қатысты трениң өткізу тәжірибесін бөлісті

16-19 шілде аралығында Ыстамбұлда АҚШ-тың Түркіменстандағы Елшілігі қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырған медиа сауат және фактчекиң бойынша тренерлерге арналған трениң (ToT) өтті.

Трениңге Түркіменстаннан 13 адам қатысты. Олар — медиа өкілдері, қоғамдық ұйымдар, білім беру орталықтары, жеке компаниялар мен SMM-мамандары.

Бағдарламаның мақсаты — ақпаратты тексеру әдістері мен құралдарын қолдану, трениң өткізу дағдыларын дамыту.

Трениң медиа сауат пен фактчекиңді кең аудиторияға да, әртүрлі кәсіби топтарға да үйрете алатын кәсіби тренерлерді даярлауға бағытталған.

Қатысушылар медиа сауат пен сыни ойлауды арттыру үшін Түркіменстанда өздерінің трениңін өткізуді жоспарлап отыр.