MediaNet-ке 20 жыл толды! 

Сенесіздер ме, біз құрылған күнімізді ұмытып кетіппіз. Оған қоса, биыл – мерейтой! 27 тамызда MediaNet-ке 20 жыл толды! 

Жиырма жылдан бері біз Қазақстан және Орталық Азияда азаматтық қоғамды қолдау мен дамыту жолында белсенді жұмыс істеп келеміз. 

Біз медиасауат, фактчекиңмен айналысамыз, зерттеулер жүргіземіз, жаңа мамандарды оқытамыз, курстар мен оқу құралдарын жасаймыз, адвокациялық науқандар ұйымдастырамыз, журналистикаға инновациялық тәсілдер енгіземіз. Осы жылдар ішінде MediaNet жүздеген жобаларды жүзеге асырып, ірі халықаралық бірлестіктердің мүшесі болып, еліміз мақтан тұтарлық жарқын тұлғалардың тұтас буынын тәрбиелеп, көп нәрсеге қол жеткізді.

Сіз бен біз қоғамды күшті, саналы, білімді, адамгершілігі мол ортаға айналдыру мақсатында жұмыс істеп келеміз, әрі де істей береміз. Осы 20 жыл ішінде біз өз құқығымызды білетін және олар үшін күресетін, сыни ойлаудан хабардар қоғам құруға тырыстық. Біз ең маңызды нәрсе құқықтарымыз бен бостандықтарымыз екеніне сенімдіміз. 

Осы жолда бізбен болған баршаңызға алғыс айтамыз — сіздердің идеяларыңыз, қолдауларыңыз бен қосқан үлестеріңіздің арқасында бүгінгі MediaNet-ке жеттік. Алда әлі де биік белестер мен жобалар бар. Сондықтан біз сіздермен қашанда бірге болу үшін, әр азаматтың құқығы қорғалған жарқын болашағымыз үшін жұмыс істеуді жалғастыра береміз!