“SKY Leaders: Southern Kazakhstan Youth Leaders” көшбасшылар бағдарламасына қабылдау басталды! 

Көшбасшылық дағдыларыңды дамытып, жобаңды жүзеге асырғың келе ме?

Ендеше, мына мүмкіндік дәл сен үшін!

“SKY Leaders: Southern Kazakhstan Youth Leaders” көшбасшылар бағдарламасына қабылдау басталды

Бағдарлама бірнеше этаптан тұрады: онлайн-курс, Шымкентте екі күндік трениң, менториң, Алматыда нетуоркиң шара (барлық шараға қатысушылардың шығындары өтеледі).

Оған қоса, бағдарлама аясында өз бастамаңды жүзеге асыру үшін мини-грант жеңіп алу мүмкіндігің бар.

Бағдарламаға Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Шымкент және Алматы қалаларында орналасқан жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан бакалавр және магистр студенттері қатыса алады. 

Бағдарлама Қазақстан мен АҚШ-тың танымал сарапшыларының жетекшілігімен қоғамдастық көшбасшылықты дамытуға және біліктілікті арттыруға бағытталған. 

Оқу қазақ және ағылшын тілдерінде өтеді. Іріктеу екі этаптан тұрады: жобаға тіркелу және интервью. Курсқа қабылдау барысында ағылшын тілін меңгерген үміткерлерге басымдық беріледі.

Курсқа тіркелу үшін: https://forms.gle/y35oB1zQyW7w8WKL9 

Тіркелу дедлайны: 22.09.2024

Керемет мүмкіндікті жіберіп алма!

Сұрағың қалды бар ма, ендеше event@medianet.ngo поштасына жаз. 

Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Алматыдағы АҚШ консулдығының қолдауымен жүзеге асырады.