AI LAB Astana – Жасанды зерде бойынша аймақтық журналистерге арналған екі күндік тегін трениң 

Құрметті әріптестер!

MediaNet халықаралық журналистер орталығы Астана және жақын маңдағы қалалардағы (Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Степногорск және басқа) журналистерді, редакторлар мен редакцияның басқа да қызметкерлерін журналистикада жасанды зерде (ЖЗ) құралдарын қолдану бойынша екі күндік тегін офлайн-трениңге шақырады. 

📅 Өтетін күні: 2025 жылғы 21-22 тамыз

📍 Өтетін орны: Астана қ.

🗣 Тілі: қазақша немесе орысша (қатысушылардың қалауына қарай)

🧠 Формат: офлайн, теория 30% + практика 70%

Сізді трениңде не күтеді:

  • Мәтінді редакциялауға, визуал контентті жасауға, аударуға, аудио мен видеоны өңдеуге қолайлы ЖЗ-құралдарымен танысу.
  • ЖЗ редакцияның күнделікті жұмысына қолдану мысалдары, практикалық жаттығулар жасау
  • Тренерлер — ЖЗ құралдарын журналистикада қолдану тәжірибесі бар эксперттер. 
  • Сұрағыңызды қойып, құралдарды тестілеу және өз кейстеріңізді жасау мүмкіндігі болады.

✅ Қатысу шарттары:

  • Қатысу тегін
  • Басқа қалалардан келетін қатысушыларға жол ақысы мен тұру шығындары төленеді (қажет болса)
  • Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған барлық қатысушылар сертификат алады. 
  • Қатысушылар трениң барысында алған білімін ары қарай жұмысында қолдана алуы үшін кәсіби ЖЗ-сервистеріне ақылы жазылым байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады. 

📌 Өтінімді беру мерзімі аяқталатын күн: 2025 жылғы 27 шілде
✉️ Іріктеуден өткен қатысушыларға хабарлама: 2025 жылғы 1 тамызда email немесе WhatsApp арқылы жіберіледі

🔗 Қатысу үшін өтінімді толтыру 

📢Егер осы трениң пайдалы болды-ау деген әріптестеріңіз болса, міндетті түрде осы мүмкіндік туралы хабар беріңіз! 

ℹ️ AI LAB туралы:

AI LAB for Regional Independent Media — бұл MediaNet ұйымының бастамасымен Қазақстанның өңірлік редакцияларының техникалық және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған білім беру жобасы. Еліміздің төрт өңірін қамтитын жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асырылады.

Басты мақсат — өңірлік медиа арасындағы техникалық алшақтықты азайтып, журналистердің пәрменін, дәлдігін және қамту аясын арттыру үшін заманауи ЖЗ құралдарын қолдану мүмкіндігін беру.  

AI LAB аясында кемінде 100 журналист, редактор және техникалық маман арнайы оқудан өтеді, сонымен қатар редакцияларға жасанды зерде сервистеріне арналған ақылы жазылымдар ұсынылады.

📞Анықтама алу үшін хабарласыңыз:
Бэлла Орынбетова 📧 orynbetova@medianet.ngo