
AI Lab Astana аясында 28 журналист жасанды интеллектіні өңірлік БАҚ-та қолдану бойынша білімін жетілдірді
2025 жылғы 21-22 тамызда Астана қаласында екі күндік AI Lab Astana трениңі өтіп, Астана, Қарағанды, Павлодар және Көкшетау медиасынан келген 28 журналист пен редактор журналистикада жасанды интеллект құралдарын қолдануды меңгерді.
Бағдарлама «30% теория – 70% практика» қағидатымен құрылған және келесі тақырыптарды қамтыды:
- мәтінді редакциялау және тексеру;
- аударма жасау және көптілді дереккөздермен жұмыс істеу;
- визуалды контент дайындау;
- аудио мен видеоны өңдеу;
- идеяны генерациялау және редакция процестерін оңтайландыру.
Сессиялар қатысушылардың таңдаған тілін ескеріп екі шағын топта — қазақ және орыс тілінде өткізілді.
Трениңд осы саланың эксперттері өткізді:
- Данияр Мұқанов – IT және жасанды интеллект саласындағы жаңалықтарға арналған Kazakh in Cardiff Telegram арнасының авторы, Cardiff University (Ұлыбритания) түлегі.
- Тимур Бектұр – IT-талдаушы, жасанды интеллект саласының зерттеушісі, Boston University (АҚШ) түлегі, Timur Academy жобасының негізін қалаушы.
AI Lab for Regional Independent Media – халықаралық журналистика жөніндегі MediaNet орталығының бастамасы, Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асырылады. Жоба өңірлік редакциялардың техникалық және шығармашылық әлеуетін арттыруға, технологиялық алшақтықты қысқартуға және тәуелсіз журналистиканы нығайтуға бағытталған.
2025–2027 жылдары бағдарлама аясында елдің түрлі өңірлерінде 100-ден астам журналист, редактор және медиа маман білімін шыңдайды. Қатысушылар заманауи ЖИ-құралдарымен танысады, сондай-ақ, редакцияларға арналған кәсіби ЖИ-сервистерге ақылы жазылымдар беретін байқауға қатыса алады.
📌 AI Lab Astana – бұл білім беру циклының алғашқы кезеңі, бағдарлама өңірлік медиаға цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне бейімделіп, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.