FACTCHECK DIVE – редакцияларға арналған көшпелі трениңдерге өтінім қабылдау

Соңғы екі жылда FactCheck Dive жобасы 140-тан астам журналиске, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен «Журналистика» мамандығының студенттеріне фактчекиң және журналистік зерттеу жүргізудің заманауи құралдарын үйретті.
 2026 жылы жоба одан әрі терең кәсіби межеге өтеді, сөйтіп редакциялардың ішкі әлеуетін дамытуға бағытталған кезеңді бастайды. 

Біз бұқаралық ақпарат құралдарына арналған тегін, кәсіби көшпелі трениңдерге қатысуға өтінім қабылдаймыз. Трениңдерден кейін үш айлық посттрениң менторлық бағдарлама қарастырылған.

Бағдарлама нені қамтиды?

  • Көшпелі трениңдер Қазақстанның 6 қаласында кемінде 12 редакцияның қатысуымен өтеді
  • Трениңдер тегін және тікелей редакциялардың өзінде өткізіледі
  • Әр редакция үшін жарты күндік сессия форматында 4 күндік бағдарлама қарастырылған
  • Трениң тілі – редакцияның таңдауы бойынша: қазақ немесе орыс тілінде
  • Бағдарламада практикалық жұмысқа басымдық беріледі, нақты кейстер талданады және әр редакцияның өз контенті басты назарда болады.

Трениң тақырыбы:

  • Фактчекиңнің негізгі әдістері
  • OSINT құралдарын қолдану
  • Ашық деректер базасымен жұмыс
  • Ақпаратты верификациялаудың этикалық стандарттары
  • Фактчекиңді редакция саясатына және күнделікті жұмыс процесіне енгізу

Редакцияларды іріктеу

Бағдарламаға қатысушылар байқау негізінде іріктеледі, ол үшін төмендегі сілтеме арқылы өтінім жолдау қажет.

Әр редакциядан бір ғана өтінім қабылдаймыз.

Іріктеу критерийлері:

  • Қазақстанда тіркелген БАҚ редакциясы
  • Трениңге 5–15 қызметкердің қатысу мүмкіндігі бар
  • Трениң өткізуге арналған орын (ғимарат) бар
  • Трениңнен кейінгі менторлық бағдарламаға қатысуға дайын

Іріктеудің негізгі әрі міндетті шарты – редакцияның шынайы қызығушылығы және посттрениң менториң барысында фактіні тексеру тәсілдері мен құралдарын редакция саясатына нақты енгізуге дайын болуы.

Посттрениң менторлығы

Трениңдер аяқталғаннан кейін редакция алған білімді күнделікті жұмысқа тұрақты түрде енгізуге бағытталған 3 айлық менторлық бағдарламаға қатысады.

Посттрениң менториң бағдарламасынан өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Жобаны іске асыру мерзімі

  • Трениңдер: 2026 жылғы ақпан – мамыр
  • Менторлық: 2026 жылғы маусым – тамыз

Маңызды дата

  • Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 2026 жылғы 1 ақпан
  • Іріктеуден өткен редакцияларға хабар жіберу: 2026 жылғы 16 ақпанға дейін

FactCheck Dive жобасын MediaNet/Factcheck.kz Халықаралық журналистика орталығы The Nippon Foundation қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырады.

Байланыс үшін:

Бэлла Орынбетова — orynbetova@medianet.ngo
Алёна Блинова — alyona@medianet.ngo