MediaNet тегін ONLINE MediaSchool жобасын бастайды

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы Нидерланды корольдігі елшілігінің қолдауымен тегін ONLINE MediaSchool жобасын бастайды. Жоба барысында қатысушылар аздаған уақыт ішінде журналистика бойынша білім алады деп жоспарланып отыр. Оқуды барынша ыңғайлы ету мақсатында дәрістер вебинар түрінде аптасына екі реттен жүргізіледі. ONLINE MediaSchool бағдарламасы еліміздегі танымал журналистер мен сарапшылардың қатысуымен жасалған және бүгінгі медиа талабына толық жауап бере алады.

Жобаның мақсаты: Қазақстанда тәуелсіз журналистердің жаңа буынын қалыптастыра отырып, оларға құқықтық және медиа білім беру. Контент жасау процесін барынша жеңілдету және оңтайландыру.

Жобаға Алматы мен Астана қалаларынан бөлек барлық өңірден қатысуға болады.

Әзірге дәріскерлер қатарында Жұлдыз Әбділда, Назгүл Қожабек, Асхат Еркімбай, Қасым Аманжол, Молдияр Ергебеков, Думан Смақов, Баубек Сағындық және тағы да басқа танымал медиатренерлер мен журналистер бар.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы тәуелсіз медиамектеп Қазақстан нарығында 14 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында 1000-нан аса студент білім алған жоба түлектері елімізде әр саласында еңбек етіп жүр.

Қатысушыларға қойылар талаптар:

18 жастан асуы керек;

Медиада жұмыс істеуге ынтасы болғаны жөн;

Аптасына екі рет вебинар тыңдауға мүмкіндігі болғаны дұрыс (интернетке қосылған компьютер жән арнайы бағдарламалар);

Тренерлердің тапсырмасын уақытында орындауы керек.

Жобақа қалай қатысуға болады?

Ұзақтығы 1 минуттан аспайтын видео түсіруіңіз керек немесе 500 символдан кем емес пост жазыңыз. «ONLINE MediaSchool-да не үшін оқығым келеді?» деген сұраққа жауап бере отырып, өзіңіздің ынтаңыз бен талпынысыңызды көрсетіңіз.

2019 жылдың 25 қазанына дейін өзіңіздің әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызда видеоны #ONLINEMediaSchool2019 хештегімен жариялаңыз.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды конкурстық негізде түсірген видеоларына қарап қабылдайды. Оқу қарашада басталады.

Сұрағыңыз болса, жоба ұйымдастырушысына хабарласыңыз: Думан Смақов, 8 702 629 2866, smakov88@gmail.com