ONLINE MediaSchool тренерлеріне арналған тренинг өткізілді

4 қазан Алматыда ONLINE MediaSchool тренерлеріне арналған тренинг өткізілді. Тренерлер вебинар форматында сабақ беру әдістемелерін қарастырды. Ең үздік журналистер, атақты баспалардың редакторлары және медиасарапшылар өз білімдерін вебинарлар арқылы жеткізіп, онлайн медиамектеп студенттеріне түсінікті ету жолдарын талқылады.

Талқылау барысындағы идеялардың бірі- курстың үздік студенттеріне сыйлықтар беріледі, тренерлер де өз тараптарынан сыйлықтарды табыс етуі мүмкін.

Ең басты бонус –  практикалық тапсырмалар. Осы тапсырмалар арқылы журналистика саласындағы білімдеріңізді сынап, әрі қарай дамыта аласыздар. Оқу тегін! Қапы қалмай, қатысыңыздар!

#ONLINEMediaSchool2019