ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы Нидерланды корольдігі елшілігінің қолдауымен тегін ONLINE MediaSchool жобасына қатысушыларды тіркеуді бастайды. 

ONLINE MediaSchool бағдарламасы еліміздегі танымал журналистер мен сарапшылардың қатысуымен жасалған және бүгінгі медиа талабына толық жауап бере алады. Алғашқы курста Жұлдыз Әбділда, Назгүл Қожабек, Асхат Еркімбай, Қасым Аманжол, Молдияр Ергебеков, Думан Смақов, Баубек Сағындық және тағы да басқа танымал медиатренерлер мен журналистер дәріс оқыды.

Жобаның мақсаты:

?Қазақстанда тәуелсіз журналистердің жаңа буынын қалыптастыра отырып, оларға құқықтық және журналистік білім беру. Контент жасау процесін барынша жеңілдету және оңтайландыру. 

Жобаға Қазақстанның барлық өңірінен қатысуға болады.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы тәуелсіз медиамектеп Қазақстан нарығында 14 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында 1000-нан аса студент білім алған жоба түлектері елімізде әр саласында еңбек етіп жүр.

Қатысушыларға қойылар талаптар:

?18 жастан асуы керек;

?Медиада жұмыс істеуге ынтасы болғаны жөн;

?Аптасына екі рет вебинар тыңдауға мүмкіндігі болғаны дұрыс (интернетке қосылған компьютер жән арнайы бағдарламалар);

?Тренерлердің тапсырмасын уақытында орындауы керек.

Жобақа қалай қатысуға болады?

?Ұзақтығы 1 минуттан аспайтын видео түсіруіңіз керек немесе 500 символдан кем емес пост жазыңыз. «ONLINE MediaSchool-да не үшін оқығым келеді?» деген сұраққа жауап бере отырып, өзіңіздің ынтаңыз бен талпынысыңызды көрсетіңіз.­

2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейін өзіңіздің әлеуметтік желілердегі парақшаларыңызда видеоны #OMS2020QAZ хештегімен жариялаңыз.

Дедлайн: 25.09.2020

Ұйымдастырушылар қатысушыларды конкурстық негізде дайындаған контентіне қарап қабылдайды.

Оқу 2020 жылдың қазан айында басталады.

Сұрағыңыз болса, жоба ұйымдастырушысына хабарласыңыз: Думан Смақов, 8 702 629 2866 (whatsapp), smakov88@gmail.com