Қазақстандықтардың жыныстық бопсалау туралы ойы

MediaNet халықаралық журналистика орталығының «Қазақстандықтардың жыныстық бопсалау туралы ойы» тақырыбында жүргізген сауалнамасында қазақстандықтардың 82%-і жыныстық бопсалау мәселесі өзекті деп санайды.

Олардың 54%-і бұл шұғыл шешілуі керек, күрес қажет ететін мәселе деп есептейді. 28%-і жыныстық бопсалау мәселесі өзекті екенін, бірақ одан да күрделі әлеуметтік проблемалар бар екенін атап өтті. Қалғандары бұл әр адамның жеке мәселесі (11%) және бұл мәселе мүлде өзекті емес, жыныстық бопсалау проблема емес (7%) деп жауап берді.

Жалпы алғанда, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 92%-і жыныстық бопсалау жағдайларын назардан тыс қалдыруға болмайды және бұл мәселемен мемлекеттік деңгейде күресу керек деп санайды. Олардың 57%-і бопсалау құрбандарын заңнамалық және корпоративтік деңгейде қорғау қажет дейді. Ал 35%-і құқық бұзушылардың әрқайсысы жазалануға тиіс екеніне сенімді. Бұған азаматтардың 7%-і қарсылық білдірді, олар адам өзін-өзі қорғай алуы керек (6%) және жыныстық бопсалаумен күрес керек емес деп санайды, өйткені мұндай жағдайлар ешкімге айтарлықтай зиян келтірмейтініне сенімді (1%).

Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтар жыныстық бопсалаумен мемлекеттік деңгейде күресу қажеттігін мойындайды, бұл мәселеге төзбеушілік білдіреді және құқық бұзушылар міндетті түрде жазалануы керек екеніне сенімді.

Бұл туралы толығырақ factcheck.kz сайтынан оқыңыз.

Ақпарат MediaNet Халықаралық журналистика орталығының «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» жобасы аясында дайындалды. Жобаны қолдаған – CFLI (Canada Fund for Local Initiatives). #CFLI