Харассмент туралы ақпарат жазу нормалары

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Харассмент туралы ақпарат жазу нормалары» онлайн-трениңіне шақырамыз. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан журналистерінің жыныстық бопсалау тақырыбында біліктілігін арттыру және бопсалау мәселесін медиада көтеруге шақыру.

Өтетін күні: 19 тамыз орыс тілінде, 20 тамыз қазақ тілінде.

Трениң онлайн ZOOM-да Алматы уақытымен 11:00-13:00 аралығында өтеді.

Спикерлер: Эльвира Боханова, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты.

Аяжан Ойрат, халықаралық заңгер, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ бағдарлама үйлестірушісі, «Қазақстандағы заңнамалық реформалар, жауапты бизнес және біліктілігін арттыру арқылы жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалаумен күрес» жобасының сарапшысы.

Трениңде қамтылатын негізгі сұрақтар:
?Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы бопсалау түсінігі. Бопсалау үшін жауапқа тарту.
?Лайфхактар: харассменттен қалай қорғанамыз?
?Харассмент тақырынбында материал жариялаудың қауіптілігі.
?Жыныстық бопсалау құрбандарынан сұхбат алу ұсыныстары.

Трениңге қатысқыңыз келсе, 17 тамызға дейін тіркеліңіз:

19 тамызда орыс тілінде өтетін трениңге тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз. 

20 тамызда қазақ тілінде өтетін трениңге тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз. 

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «Әйелдер мен қыздарды жыныстық бопсалауға жол бермейтін және төзбейтін қоғамдық сана қалыптастыру» жобасын жүзеге асыруда. Жобаны қолдаған – CFLI (Canada Fund for Local Initiatives).

Қосымша ақпарат үшін: utegenova@medianet.kz.

#CFLI