MEdia ME! онлайн курсына тіркелу басталды

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz ресурсы, Еуразиялық фактчекинг және медиасауат желісімен бірлесе отырып, Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен MEDIA ME! онлайн курсын бастайды.

MEDIA ME! – жалпыға арналған, цифрлы, ақпараттық мен медиа сауатты арттыруға бағытталған курс. Курстың негізгі міндеттері: фактчек дағдылары, жалған ақпаратты анықтау, онлайн мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және дағдарыстан кейінгі жағдайға аудиторияны бейімдеу. Курс ерекшелігі – тақырып дербестігі. Кез-келген қолданушы өзін қызықтыратын сабаққа тіркеліп, қатыса алады.

Курс тақырыптары арасында: «Коронавирус туралы фейктер: жалған ақпарат таратуды қалай тоқтатамыз?», «Ақпараттың сенімді көздері», «Жарнамаға сену керек пе және қандай жағдайларда», «Дипфейктер», «Пропаганда және ақыл-парасат», «Қастандық теориялары мен шолулар», «Фотолар мен видеолардың шынайылығын тексеру» «E-gov-ты дұрыс және қауіпсіз пайдалану», «Дербес деректерді қорғау», «Интернеттегі гендерлік этикет», «Жанжал кезіндегі өшпенділік тілі» «Дағдарыстағы экономикалық мүмкіндіктер»және басқалары.

Курсты Қазақстан, Грузия, Ресей, Украина, Польша, Қырғызстан және басқа елдердің журналистері, редакторлары, фактчекерлері, экономистері, киберқауіпсіздік сарапшылары жүргізеді.

Курсқа тіркеліп, әр дәріске шақыру алу үшін мына сілтемені басыңыз.

MEDIA ME! курсының дәрістері әр аптаның сейсенбісінде қазақша, бейсенбі күндері орысша Алматы уақытымен сағат 18:00-де біздің Youtube каналымызда және Instagram, Facebook парақшаларымызда өтеді.

———————————–
 
Қосымша ақпарат үшін:
medianet.smm@gmail.com
Алена Кошкина +77479879879
Молдир Утегенова +77088271271