Алматыда “InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” Х ортаазиялық форумы өтеді

Алматыда 2019 жылдың 30-31 мамыры күндері “InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” Х ортаазиялық форумы өтеді. Форум Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өтеді.

Форумның тақырыбы: «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну»

Форумда талқыланатын негізгі тақырыптар:

· Ақпараттық ортаға әсер етуі ықтимал (нейрожүйелер) интернеттегі негізгі технологиялық және құқықтық тенденциялар;

· Медиа және ақпараттық сауаттылық, фактчекинг;

· Желілік этика мен өзін-өзі реттеу;

· Пропаганда, өшпенділік тілі, жалған ақпарат, зорлық-зомбылық экстремизіміне аудиторияны оқыту арқылы қарсы тұру;

· Киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау;

· Цифрлы білім беру;

· Аудиторияның мүмкіндігін арттыру мен олардың құқықтарын қорғауға арналған интернет сервистер мен өнімдер;

· БАҚ-тың кезектен тыс сайлау мен одан кейінгі қоғамдағы рөлі;

· Интернетте адам құқықтарын сақтауға арналған қолайлы құқықтық жағдайлар және т.б.

Осымен оныншы рет өткізілетін форумға Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-дың, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.

 

Өтетін күні: 30-31 мамыр 2019 жыл

Тіркеу уақыты: 9:30

Шараның басталуы: 10:00

Өтетін орны: Алматы, Қазақстан

 

Форумға баяндамашы ретінде 2019 жылдың 10 мамырына дейін тіркелуге болады: https://forms.gle/aPWKHRJ6RaoEXR2q6

 

Егер сіз форумға қонақ ретінде қатысқыңыз келсе,2019 жылдың 27 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/UD8MQ65S8nTTmJr47

Қатысушылардың саны шектеулі.

Ұйымдастырушылар сіздің тіркелгеніңіз туралы ақпаратты 2019 жылдың 27 мамырана дейін электронды почтаңызға жібереді.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін:

Duman Smaqov, Alyona Koshkina

+7 727 292 2046, +7 747 987 9879, +7 702 629 2866

medianet.smm@gmail.com, medianet.kz