Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның 40 журналисті мен редакторлары фактчекинг бойынша дәріс алды

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстантан келген 40 журналист пен редакторлар фактчекингмен жұмыс және халықаралық жаңалықтарды жариялау бойынша тренинге қатысты.

2018 жылдың тамыз айында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстантан келген 40 журналист пен редакторлар фактчекингмен жұмыс және халықаралық жаңалықтарды жариялау бойынша тренинге қатысты.

Тренингтің қатысушылары Орта Азиядағы ірі бұқаралық ақпарат құралдарынан іріктеліп алынды. Олардың қатарында: Informburo.kz, Sputnik.kz, “Азаттық Радиосы”, kaktus.media, holanews.kz, today.kz, Курсив.kz, “Неделя СК”, “Комсомольская правда в Казахстане”, politmer.kg, saresep.kg, “АпрельТВ”, “Ынтымак ТВ” болды.

Жергілікті және халықаралық тренерлер – Кристиан Триберт (аға зерттеуші – журналист және бас тренер, Bellingcat, Нидерланды), Марек Бекерман (жоба менеджері және тренер, Albany Associates, Ұлыбритания), Павел Банников (бас редактор, FactCheck.kz,Қазақстан), Виктория Ли (журналист және тренер,FactCheck.kz/OYLA Қазақстан) – пост – шындық дәуіріміздегі фактчекингтің маңыздылығы мен техникасын көрсетті.

Оқу барысында фактчекингтің әдіснамасы мен құралдары, жаңалық дайындау барысындағы ақпарат көздері мен цифрлық технологияларды тексеру, расталған ақпаратты визуализациялау, халықаралық жаңалықтарды тарату және ақпарат көздерін әртараптандыру секілді мәселелер қозғалды.

Тренинг қатысушылары:

Мария Гареева, informburo.kz журналисті, Казахстан: «Фактчек және ашық деректермен жұмыс істеу – бұл менің мамандығымдағы ең сүйікті ісім. Осылайша, мамандардың өзіме белгілі құралдарды қалай қолданып жатқанын көру мен үшін үлкен мәртебе. Олар қолжетімді ақпараттың көмегімен қарапайым жалған мәліметтерден жаһандық зерттеулерге дейінгі таңғажайып нәрселерді жасайды. Мүмкіндігінше көптеген журналистер бұл ақпаратты біліп, ақпараттық кеңістікті неғұрлым бай әрі қызықты етіп жасауы керек».

Джамшед Маруф, “Пайванд радиосының журналисті және бас редакторы,Тәжікістан: Журналистер бұрында фактчекпен айналысты деп атауға болады. Мәселен, ақпаратты 2-3 көздерінен тексеретін. Бірақ Орта Азиядағы кәсіби журналистерге арналған осы тренинг әрбір журналистке өз білімдерін теория мен дағдыларды фактченингте тәжірибелеуге мүмкіндік берді. Журналистер мәтін, фото, видео, Google-maps және ашық деректермен жұмыс істеді.

Аделаида Ауеспекова HOLA News журналисті, Қазақстан:

Журналист ретінде маған өз ісімнің мамандарымен жұмыс істеу пайдалы болды. Мен ашық деректерді пайдалана отырып, ауқымды жұмыстарды жасауға болатынын білмедім. Ашық ақпарат көздерінің көмегімен жалған ақпараттың қалай ашылғаны қызықты болды. Көптеген журналистер осы тәжірибеге қол жеткізеді деген үміттемін.

Тренинг Қазақстандағы «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы және Қырғызстандағы «Центр Медиа Развития» қоғамдық қоры Albany Associates International және IREX Europe қорымен серіктесе отырып ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастыруға, Бішкек пен Астанадағы Британ елшіліктерінің Орта Азиядағы ақпараттық журналистика және жалпы медиа сауаттылық сапасын жақсарту жөніндегі жобасы да қатысты.

#ucssf #medianetkz #medialaw #albanyassociates #factcheck #factchcking#medialiteracy