QazNetEtiquette Қазақстанда этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі

#Бірге ақпараттық науқаны Қазақстан азаматтарының өзара сыйластығын, тең құқыққа ие екенін көрсетуге, қоғамымыздың бірлігі мен әралуандығын сақтауға арналған.

Сіздерге этносаралық өшпенділік тілін жеңу үшін QazNetEtiquette этикалық кодексімен танысып шығуды ұсынамыз.

QazNetEtiquette – ұлтаралық араздықтан қашып, қастандық тілін таратпас үшін ақпарат кеңістігінде өзіңді ұстауға арналған  әмбебап және аудиторияға түсінікті 10 әдеп ережесі. Кодекстің басты мақсаты – қоғамда жанжал туу мүмкіндігін азайту. Бұл әсіресе қазіргі геосаяси мәселелер кезінде аса маңызды.

Кодексті қазақстандық және шетелдік сарапшылар халықаралық және қазақстандық құқыққа негіздеп жасаған. Құжат этносаралық қарым-қатынас мәдениетін арттыруға және интернет-коммуникацияның өзін-өзі реттеу ережелерін дамытуға арналған.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

#Бірге науқанын MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

KAZ_QazNetEtiquette