Атырауда медиасауат бойынша тренерлерге арнаған екі күндік трениң өтті

1-2 желтоқсанда Атырауда Atyrau MIL Network медиасауат бойынша тренерлерге арнаған екі күндік трениң өтті.

Тренинг барысында 23 қатысушы медиасауат пен фактчекиң бойынша практикалық тапсырмалар орындап, дағдыларын қалыптастырды.  Тренерлерге арналған бұл трениңге Атырау қаласы және облысынан медиа-сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, белсенділер, журналистер, мектеп мұғалімдері және университет оқытушылары қатысты.

Бір ай ішінде қатысушылар өздерінің трениңдеріне арналған бағдарламаны дайындауға әрі оны өткізуге байланысты консультация алады.

Осылайша, Atyrau MIL Network түлектері Атырау қаласы мен облысында медиасауат деңгейін жақсарту үшін кәсіби тренерлердің жергілікті қауымдастығын қалыптастырады деп жоспарланып отыр.

Курс түлектері 2023-2024 жылдар аралығында өз өңірінде медиасауат бойынша трениң өткізетін болады.

Курс спикерлері:

  • Думан Смаков, Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы фактчекиң ресурсы @factcheck_kz бас редакторы.
  • Жансерік Тілеухан, медиа-тренер, журналист @factcheck_kz.

Жобаны Қазақстандағы Гете-институттың қолдауымен YEMAA заманауи өнер орталығы MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен бірлесіп жүзеге асырады. 

#трениң #медиасауат  #factcheck #фактчек #factcheck_kz #Atyrau #MIL