#ТИІСПЕ- #НЕПРИКАСАЙСЯ! жобасы ҚЖАҚ-тың “Жыл бастамасы” номинациясында жеңіске жетті!
#ТИІСПЕ– #НЕПРИКАСАЙСЯ! жобамыз ҚЖАҚ-тың “Жыл бастамасы” номинациясындағы “Адам құқығы” санатында жеңіске жетті!
Серіктестеріміз Канаданың жергілікті бастамалар қоры (CFLI) мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисіне жобаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз.
Гендер тақырыбы бойынша эксперт Аида Альжанова мен суретші Ира Хванға көп рахмет!
#ТИІСПЕ– #НЕПРИКАСАЙСЯ акциясы қоғамдық көліктегі харассментпен күресуге бағытталған.
Акция аясында харассментке ұшыраған жағдайда не істеу керектігі туралы қарапайым және қолжетімді нұсқаулығы бар плакаттар дайындалды.
Плакаттар Қазақстанның келесі ірі алты қаланың аялдамалары мен автобустарында орнатылған: Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Атырау, Семей.
Акцияның мақсаты — қоғамдық көліктегі харассментке қарсы тұрып, қоғамда бұған бейтолеранттық қалыптастыру.