«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры интернет-маркетинг қызметін ұсынатын компанияға конкурс жариялайды

Жоба: QLEVER+

Қызмет:  маркетингтік компания/агенттік

Өтініш беру дедлайны: 18.12.2023 

Орналасқан жері: Қазақстан

«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасындағы білім беретін онлайн-платформаға интернет-маркетинг қызметтерін ұсынатын компания іздейді. 

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Орталық Азияның алыс аудандарындағы осал жастарды сыни ойлау қабілетін дамытатын онлайн және мобильді білім беру ойындарына тарту. 2020 жылы іске қосылған QLEVER платформасы Интернетте – https://qlever.asia және Android операциялық жүйесі базасындағы Google Play Market қосымшасында қолжетімді. 

Жобаны ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция) қоры MediaNet (Қазақстан), “Медиа сабақ” (Қырғызстан) және Гурдофарид (Тәжікстан) қорларымен әріптестікте жүзеге асырады. 

Мақсаты: цифрлық маркетинг стратегияларын жасау және жүзеге асыру, Qlever https://qlever.asia сайты мен мобильді қосымшасын іздеуді оңтайландыру 

Талаптар:

  • Маркетингтік қызмет көрсетуде кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі
  • Қазақстан Республикасында тіркелгендерге басымдық беріледі
  • Білім беру жобаларында жұмыс тәжірибесінің болуы
  • Қазақ және орыс тілдерін білу
  • Жақсы беделге ие болу

Міндеттері:

  • Мақсатты аудиторияны талдау;
  • Білім беру элементтері бар ойын платформалары және/немесе геймификация элементтері бар білім беру ресурстары нарығын талдау, бағытталған мемлекеттердегі бәсекелес және/немесе соған ұқсас платформаларды талдау; 
  • Платформаның тұрақтылығы және танымалдығы үшін контент стратегия және медиа жоспар жасау; 
  • Мақсатты аудиторияны тарту үшін әртүрлі тактика құралдары мен байланыс каналдарымен маркетингтік стратегиялар жасау; 
  • Платформаға кіру және тіркелу санын арттыру (2 жылда+100 000 ойыншыға жеткізу);
  • Платформадағы әйелдер аудиториясының санын арттыру; 
  • Қолданушылардың брендке назарын аударып, қызықтыру;  
  • Визуал контент, баннерлер, анимациялық роликтер, GIF және басқа да суреттер жасау; 
  • SEO, https://qlever.asia/ru/ сайтын іздеуді оңтайландыру; 
  • App Store Optimization (ASO), мобильді қосымшаның Google Play және App Store жүйесіндегі парақшасын үнемі оңтайландыру процесі, оның қаралымын іздеудің органикалық нәтижесін арттыру; 
  • Мақсатты көрсеткіштер бойынша апталық және айлық талдау ақпаратын ұсыну. 

Мерзімі: 

Хабарландыру уақыты 11.12.2023
Өтініш қабылдау2023 жылғы 18 желтоқсанға дейін
Іріктеу 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейін
Келісімшартқа қол қою2024 жылғы қаңтардан бастап 

Өтініш мыналарды қамтуы керек: 

  • Компанияны тіркеу туралы куәлік және заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріндегі көшірім көшірмесі;
  • Жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметтер қамтылған техникалық сипаттама;
  • Коммерциялық ұсыныс/қаржылық ұсыныс

Өтінішті 2023 жылғы 18 желтоқсанға дейін info@medianet.ngo электронды поштасына жіберу керек. Хат тақырыбына «QLEVER+Маркетинг» деп жазыңыз да, жауапты қызметкердің байланыс нөмірлерін көрсетіңіз. 

Қосымша ақпарат үшін:

alyona@medianet.ngo

+77479879879 WhatsApp/Signal жазбаша хабарламалары үшін ғана