«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры теңгерімді толықтыратын мобильді қызмет провайдерлері үшін конкурс жариялайды

Жоба: QLEVER+

Қызмет: мобильді телефондар балансын толтыру үшін мобильді қызметтер ұсынатын компания

Өтініш беру дедлайны: 20 желтоқсан 2023 ж.

Орналасқан жері: Қазақстан, қашықтан

«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасында мобильді телефондар балансын толтыру қызметін ұсынатын компания іздейді.  

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Орталық Азияның алыс аудандарындағы осал жастарды сыни ойлау қабілетін дамытатын онлайн және мобильді білім беру ойындарына тарту. 2020 жылы іске қосылған QLEVER платформасы Интернетте – https://qlever.asia және Android операциялық жүйесі базасындағы Google Play Market қосымшасында қолжетімді. 

Жобаны ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция) қоры MediaNet (Қазақстан), “Медиа сабақ” (Қырғызстан) және Гурдофарид (Тәжікстан) қорларымен әріптестікте жүзеге асырады. 

Мақсаты: Қор Qlever платформасын іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба аясында қолданушыларды ынталандыру үшін ойында жиналған баллдарды мобильді телефон балансына салу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл қызмет жоба аясында қаржыландырылады. 

Талаптар:  

  • Қамту аймағы – мемлекет жеріндегі барлық мобильді операторлар; 
  • Баланс толтырылғаны туралы есептер (баланс бірлігінің түсуі);
  • Платформа өтініші бойынша автоматты түрде баланс толтыру, бірлік беру мүмкіндігі; 
  • Толтыру тарихын сақтау;
  • Қауіпсіздік (бэкап, құпиялылықты сақтауды қоса алғанда деректерді қорғау және күзету);
  • Детальді техникалық құжаттаманың болуы; 
  • Төлем бойынша есептілікті көру үшін жеке кабинеттің болуы; 
  • Қолдау қызметінің болуы; 
  • Қолданушыларда өз ұялы операторлары қызметін, басқа да қосымшаларды қосу қажеттілігінің болмауы; 
  • Сервис пен платформа арасындағы қауіпсіз коммуникация каналының болуы, SSL сертификатының болуы; 
  • Swagger құжаттамалардың болуы, қосымша UML диаграммалары болса да болады; 
  • Қолданушылардың жеке деректерінің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа домендер/IP-адрестерге қол жеткізуді шектеу; 
  • Өтініш жіберу, бір өтініммен бір немесе бірнеше өтініш беру, өтініш сатысын көру, есептілікке қол жеткізу үшін API болуы. 

Мерзімі: 

Тендер жарияланған уақыт11.12.2023
Өтініш қабылдау2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда 
Компанияларды іріктеу31 желтоқсан 
Келісімшартқа қол қою2024 жылғы қаңтардан бастап

Өтініш мыналарды қамтуы керек: 

  • Компанияны тіркеу туралы куәлік және заңды тұлғалардың мемлекеттік реестріндегі көшірім көшірмесі;
  • Жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметтер қамтылған техникалық сипаттама;
  • Мобильді телефонның есебін (балансын) толтыру, сонымен қатар қызмет көлемі ұлғайған сайын бағаны төмендету мүмкіндігін қамтитын коммерциялық ұсыныс/қаржылық ұсыныс.

Өтінішті 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін info@medianet.ngo электронды поштасына жіберу керек. Хат тақырыбына «QLEVER+Баланс: [Компанияңыздың атауы]» деп жазыңыз да, жауапты қызметкердің байланыс нөмірлерін көрсетіңіз. 

Қосымша ақпарат үшін:

alyona@medianet.ngo

+77479879879 WhatsApp/Signal жазбаша хабарламалар үшін ғана