«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры SMS хабарлама тарату қызметі провайдерлеріне конкурс жариялайды 

Жоба: QLEVER+

Қызмет: SMS хабарлама тарататын компания

Өтініш беру дедлайны: 20 желтоқсан 2023 ж.

Орналасқан жері: Қазақстан, қашықтан

«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасында SMS хабарлама тарату қызметін ұсынатын компания іздейді.  

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Орталық Азияның алыс аудандарындағы осал жастарды сыни ойлау қабілетін дамытатын онлайн және мобильді білім беру ойындарына тарту. 2020 жылы іске қосылған QLEVER платформасы Интернетте – https://qlever.asia және Android операциялық жүйесі базасындағы Google Play Market қосымшасында қолжетімді. 

Жобаны ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция) қоры MediaNet (Қазақстан), “Медиа сабақ” (Қырғызстан) және Гурдофарид (Тәжікстан) қорларымен әріптестікте жүзеге асырады. 

Мақсаты: Қор QLEVER платформасын іске қосуды жоспарлап отыр. Оны қолданушылар SMS-хабарламалар арқылы тіркеу деректерін жіберіп, растайды. Бұл қызмет жоба аясында қаржыландырылады.

SMS-хабарлама тарататын компанияға қойылатын негізгі талаптар:

  • Қамту аймағы – мемлекет аумағындағы барлық мобильді операторлар; 
  • Хабарламаның қолданушыға жеткені туралы есептер; 
  • Тарату, толтыру тарихын сақтау; 
  • Қауіпсіздік (бэкап, құпиялылықты сақтауды қоса алғанда деректерді қорғау және күзету);
  • Детальді техникалық құжаттаманың болуы; 
  • Төлем бойынша есептілікті көру үшін жеке кабинеттің болуы; 
  • Қолдау қызметінің болуы; 
  • Хабарлама тарату шығындарының болжамы; 
  • Хабарлама мәтіні шаблондарын жасау; 
  • Қолданушыларда өз ұялы операторлары қызметін, басқа да қосымшаларды қосу қажеттілігінің болмауы; 
  • Сервис пен платформа арасындағы қауіпсіз коммуникация каналының болуы, SSL сертификатының болуы; 
  • Swagger құжаттамалардың болуы, қосымша UML диаграммалары болса да болады; 
  • Қолданушылардың жеке деректерінің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа домендер/IP-адрестерге қол жеткізуді шектеу; 
  • Өтініш жіберу, бір өтініммен бір немесе бірнеше өтініш беру, өтініш сатысын көру, есептілікке қол жеткізу үшін API болуы. 

Мерзімі: 

Тендер жарияланған уақыт11.12.2023
Өтініш қабылдау2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда
Компанияны іріктеу31 желтоқсан 2023 ж.
Келісімшартқа қол қою2024 жылғы қаңтардан бастап

Өтініш мыналарды қамтуы керек: 

  • Компанияны тіркеу туралы куәлік және заңды қызметкерлердің мемлекеттік реестріндегі көшірім көшірмесі;
  • Жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес көрсетілетін қызметтер қамтылған техникалық сипаттама;
  • Мобильді телефонның есебін (балансын) толтыру, сонымен қатар қызмет ұлғайған сайын бағаны төмендету мүмкіндігін қамтитын коммерциялық ұсыныс/қаржылық ұсыныс

Өтінішті 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін info@medianet.ngo электронды поштасына жіберу керек. Хат тақырыбына «QLEVER+ SMS: [Компанияңыздың атауы]» деп жазыңыз да, жауапты қызметкердің байланыс нөмірлерін көрсетіңіз. 

Қосымша ақпарат үшін:

alyona@medianet.ngo

+77479879879 WhatsApp/Signal жазбаша хабарламалар үшін ғана