«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры ойын платформасы контентін орыс тілінен қазақ тіліне аударатын аудармашының бос орнына конкурс жариялайды
Жоба: QLEVER+
Бос орын: қазақ-орыс тілді аудармашы
Өтініш беру дедлайны: 15 желтоқсан 2023 ж.
Орналасқан жері: Қазақстан
«MediaNet халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасындағы білім беретін онлайн-платформа контентін орыс тілінен қазақ тіліне аударатын аудармашы іздейді.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Орталық Азияның алыс аудандарындағы осал жастарды сыни ойлау қабілетін дамытатын онлайн және мобильді білім беру ойындарына тарту. 2020 жылы іске қосылған QLEVER платформасы Интернетте – https://qlever.asia және Android операциялық жүйесі базасындағы Google Play Market қосымшасында қолжетімді.
Жобаны ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция) қоры MediaNet (Қазақстан), “Медиа сабақ” (Қырғызстан) және Гурдофарид (Тәжікстан) қорларымен әріптестікте жүзеге асырады.
Талаптар:
- Жоғары білім
- Қазақ және орыс тілдерін жоғары деңгейде білу
- Орыс тілінен қазақ тіліне мәтіндерді көркем аудару тәжірибесі
- Редактура және корректорлық жұмыс тәжірибесі
- Көп ақпаратпен жұмыс істеу және сыни ойлау қабілеті
- Білім беру саласындағы және басқа да жобаларда тәжірибесі болса да болады
- Жұмысты жылдам орындау мүмкіндігі
- Командамен жұмыс істей алу және соған дайын болу.
Міндеттері:
- Жоба бойынша жоспарға сәйкес жұмыс істеу және жоба алдына қойылған нәтижелерге жету
- Фактчекинг, медиа және ақпараттық сауат, гендерлік мәселелер, цифрлық сауат, қастандық тіліне және пропагандаға қарсы тұру және т.б. тақырыптар бойынша ойын сценарийлерін сапалы әрі көркем аудару
- Ойын әзірлеуші мен платформа әкімшісінің талаптарына сәйкес корректорлық және редакторлық жұмыс
- Білім беру платформасына арналған қосымша мәтіндерді аудару
- Жобаның әкімшілік/қаржылық процедураларын уақытында орындау
- Qlever онлайн-платформасының жұмысына байланысты басқа да міндеттер.
Мерзімі:
Хабарландыру мерзімі | 08.12.2023 |
Өтініш қабылдау уақыты | 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін |
Іріктеу | 2023 жылғы 18 желтоқсанға дейін |
Келісімшартқа қол қою | 2023 жылғы желтоқсаннан бастап |
Өтініш мыналарды қамтуы керек:
- Бұрынғы жұмыс тәжірибелерін растайтын сілтемелер көрсетілген толық түйіндеме
- Ілеспе хат
- Бар болса, бұрынғы жұмыс орнынан ұсыным хат
Өтінішті 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін info@medianet.ngo электронды поштасына жіберу керек. Хат тақырыбына «QLEVER+Аударма» деп жазыңыз да, жауапты қызметкердің байланыс нөмірлерін көрсетіңіз.
Қосымша ақпарат үшін:
alyona@medianet.ngo
+77479879879 WhatsApp/Signal жазбаша хабарламалар үшін ғана