Qlever платформасы Орталық Азияда қайта іске қосылды

2023 жылғы 4-6 желтоқсан күндері ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция), MediaNet халықаралық журналистика орталығы (Қазақстан), «Медиа сабақ» қоры (Қырғызстан) және «Гурдофарид» қоғамдық қоры (Тәжікстан) өкілдері кездесіп, АҚШ Мемлекеттік департаменті Демократия, адам құқықтары және еңбек (DRL) бюросының қолдауымен «Білім беру ойындарының (QLEVER+) көмегімен арандатушылыққа және пропагандаға қарсы тұру үшін Орталық Азиядағы осал жастардың мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту» жобасын ресми түрде іске қосты.

Бұл жоба — аталған ұйымдардың әріптестігімен 2020-2022 жылдары сәтті жүзеге асырылған BRYCAжобасының логикалық жалғасы. 

Орталық Азиядағы осал жастардың Интернеттегі жалған ақпарат, пропаганда, зорлықшыл радикализм жәнеарандатушылыққа қарсы тұру қабілетін арттыру үшін QLEVER.Asia платформасының жұмысын екі жыл бойы жалғастыру жоспарланып отыр. Сыни ойлаудыдамытудың инновациялық әдісі ретінде қолданылатын танымдық, көңіл көтерушілік платформа бұл мақсатта тақырыптық онлайн-ойындар мен ынталандыру әдістерін пайдаланбақ. 

Бүгінгі таңда Орталық Азияда QLEVER жобасының 12-35 жас аралығындағы 130 мыңнан астам белсенді ойыншысыбар. Тіркелген қолданушылардың 32% — әйелдер, ал 42%— аймақтық қауымдастық қолданушылары. Бұлардың 88% «осал» саналады. 

Жобаның маңызды компоненттері – жастар мен оқытушыларды медиа және ақпараттық сауат, фактчекингбойынша ақпараттандыру, MIL Camps – серіктес мемлекеттердегі тренингтік лагерьлер мен нетворкинг ісшаралар арқылы өзара ынтымақтастықты арттыру. 

Сондай-ақ Еуразиялық фактчекинг және медиасауат желісі (EFMN) мүшелеріне Орталық Азия елдерінде фактчекингті қаржылай қолдау және осы тақырыппен айналысатын ұйымның менторлығы арқылы қолдау көрсету және дамыту үшін кіші гранттар бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Толық ақпарат: 

Алёна Кошкина, Qlever+ жобасының Қазақстандағы менеджері 

alyona@medianet.ngo