САРАПШЫНЫҢ БОС ОРНЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ
Қызмет: Заңгерлік сарапшы
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Сарапшы заңгерлік кеңес беру қызметін көрсетеді және командаға Орталық Азия елдеріндегі білім беретін ойын платформа жасау мәселелері бойынша көмектеседі.
Келісімшарт түрі: Консалтинг
Орналасқан жері: Қашықтан
Дедлайн: 15 қаңтар 2024
Қызмет ақысын төлеу шарттары: өтініш берушінің әр жұмыс күніне төлем ақысы көрсетілген коммерциялық ұсынысы негізінде қарастырылады.
ERIM туралы
ERIM (Equal Rights and Independent Media) – 2004 жылы негізі қаланған, Франциядағы Лион қаласында орналасқан халықаралық үкіметтік емес ұйым.
Біз адам құқықтарын және негізгі бостандықтардықолдаймыз және азаматтардың нақты және объективті ақпаратқа қол жеткізу, өздері тұтынатын бұқаралық ақпарат құралдарына және ақпаратқа сыни қарау құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтумен айналысамыз. Мұны азаматтық қоғам мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қолдап және нығайта отырып, демократиялық принциптердің, негізгі бостандықтар мен адам құқықтарының тұрақтылығы және соны талап ету мүмкіндігін арттыру үшін іске асырамыз.
«MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ(Қазақстан), Медиа Сабақ қоры (Қырғызстан), «ӨзбекстанРеспубликасы заманауи журналистиканы дамыту орталығы» ҚБ (Өзбекстан) және «Гурдофарид» ҚБ(Тәжікстан) секілді серіктестерімен бірге ERIMQLEVER+ жобасын қолға алды. Ол Орталық Азия елдеріндегі осал жастарға QLEVER онлайн-платформасы мен Android қосымшасы арқылы білім беретін ойындар жасауға бағытталған. Платформа 2019 жылы іске қосылған және 5 тілде (орыс, қазақ, тәжік, қырғыз, өзбек, кей ойындар қарақалпақ тіліне аударылған) жұмыс істейді.
Қызмет сипаттамасы:
ERIM сарапшыны мына мақсатта іздеп жатыр:
• Платформаның құпиялылық саясатын зерттеу және ұсыныс әзірлеу
• Тұтынушылық келісім, қатысушының жасы, интернет-дүкендердің жұмысын реттеу, платформадағы жарнаманы шектеу және т.б. мәселелер бойынша заңгерлік сараптама ұсыну.
• Әр мемлекетке серверді орналастыру және қызметкерлер туралы деректерді сақтауға көмектесу.
• Ойын компоненттерін, кей жағдайда контенттіңұсынылуын қарап шығу.
Негізгі талаптар және тәжірибе:
• Орыс тілін еркін білу.
• Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның заңдарын білу.
Мына жағдайлар артықшылық саналады:
• Қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеуі.
• Жұмысты 2024 жылғы қаңтардан бастау мүмкіндігі.
• Орталық Азияда тұруы.
• Ағылшын тілін еркін білуі.
Келісімшарт шарты:
Кеңес беру қызметін көрсету келісімшарты – қашықтан.
ERIM тең мүмкіндіктер ұсынатын жұмыс беруші. Ұйым нәсіліне, дініне, дене бітіміне, жынысына, жасына, ұлтына, мүгедектігіне, сексуалдық бағытына, сырткелбетіне, отбасы жағдайына немесе міндеттеріне, гендерлік болмысына немесе өзін көрсетуіне қарамастан, білікті мамандардың өтінішін қолдайды.
Өтініш беру үшін:
Бұл жұмыс сізді қызықтырса, техникалық және коммерциялық ұсынысты cmartin@erim.ngo жәнеerudenko@erim.ngo поштасына жіберіп, хат тақырыбына “QLEVER+ _ Legal Expert” деп жазыңыз. Өтініштер бос орынға адам табылғанша қарастырылады. Бізге өте көп өтініш түсетіндіктен, сұрақтарға телефонмен жауап бере алмаймыз.