САРАПШЫ(-ЛАР)ДЫҢ БОС ОРНЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Қызмет: оқыту ойындарын жасау саласындағы сарапшы
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы:
Оқыту ойындарын жасау саласындағы сарапшы(-лар):
1) QLEVER оқыту онлайн-платформасы мен Android қосымшасына UI/UX-дизайн, ойыншылар тарту, оқыту мақсаттарының тиімділігі және тұрақтылықты бағалау тұрғысынан аудит жүргізеді. Сарапшы (сарапшылар) аудит нәтижесі мен қорытындысын негізге ала отырып ұсыныс береді;
2) Орталық Азия елдеріндегі серіктестерге гейм-дизайн, контент жазу және ойын жасауды басқару машықтарын дамыту мақсатында оқу семинарларын өткізеді.
Келісімшарт түрі: консалтинг
Орналасқан жері: қашықтан
Дедлайн: 31 желтоқсан 2023 ж.
Төлем жасау шарттары: өтініш берушінің (өтініш берушілердің) әр жұмыс күнінің ақысы көрсетілген коммерциялық ұсынысы негізінде қарастырылады.
ERIM (MediaNet орталығының QLEVER+ жобасындағы серіктесі) туралы
ERIM (Equal Rights and Independent Media) – Франциядағы Лион қаласында орналасқан халықаралық үкіметтік емес ұйым. 2004 жылы негізі қаланған ұйым Шығыс серіктестік және Ресей, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (MENA), Еуропа және Орталық Азия елдерінде жұмыс істейді.
Біз адам құқықтарын және негізгі бостандықтарды қолдаймыз және азаматтардың нақты және объективті ақпаратқа қол жеткізу, өздері тұтынатын бұқаралық ақпарат құралдарына және ақпаратқа сыни қарау құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтумен айналысамыз. Мұны азаматтық қоғам мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қолдап және нығайта отырып, демократиялық принциптердің, негізгі бостандықтар мен адам құқықтарының тұрақтылығы және соны талап ету мүмкіндігін арттыру үшін іске асырамыз.
«MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ (Қазақстан), Медиа Сабақ қоры (Қырғызстан), «Өзбекстан Республикасы заманауи журналистиканы дамыту орталығы» ҚБ (Өзбекстан) және «Гурдофарид» ҚБ (Тәжікстан) секілді серіктестерімен бірге ERIM QLEVER+ жобасын қолға алды. Ол Орталық Азия елдеріндегі осал жастарға QLEVER онлайн-платформасы мен Android қосымшасы арқылы білім беретін ойындар жасауға бағытталған. Платформа 2019 жылы іске қосылған және 5 тілде (орыс, қазақ, тәжік, қырғыз, өзбек, кей ойындар қарақалпақ тіліне аударылған) жұмыс істейді.
Қызмет сипаттамасы:
Біз мына мақсатта бір немесе бірнеше сарапшы іздеп жатырмыз:
1. Платформаға UI/UX дизайн, тұрақтылықты қамтамасыз ету және геймификация компоненттерін жасау алгоритміне енетін рейтинг, рангтер, жетістіктер, фильтрлер және т.б. секілді ұсыныстар жасау. Ойын контентін жасайтын команда бұл міндеттерге кірісіп кетті және олар бұл саладағы негізгі машықтары да меңгерген. Бірақ оларға контент жасауды аяқтау үшін сарапшы қажет. Мұндай аудит алғаш рет 2021 жылы жүргізілген. Бұрынғы аудит кезіндегі ұсыныстар платформаға енгізілді. Бәлкім, сарапшы 2021 жылғы QLEVERаудитінің ұсыныстарын дамыта алатын шығар.
2. Гейм-дизайн, контент-жазу, ойын өндірісін басқару үшін ойын контентін жасаушыларды оқыту. Бұл семинардан бұрын оқу кезінде баса назар аудару қажет бағыттарды анықтау үшін Орталық Азия елдеріндегі командалар қазіргі жұмыстарын көрсету үшін сарапшымен кездеседі.
Негізгі талаптар және тәжірибе:
● Орыс тілін еркін білу
1-тапсырма үшін сарапшы профилі:
● Клиент өнімдерінде (онлайн-платформалар, қосымшалар және т.б.)UI/UX-пен жұмыс істегенін растау
● Геймификация сараптамасының болуы.
2-тапсырма үшін сарапшы профилі:
● Геймдизайнда жұмыс тәжірибесінің болуы
● Ойын жасауды басқарудағы (геймдизайнның кішігірім студияларында) тәжірибесі
Мына жағдайлар артықшылық саналады:
● Онлайн-ойындарға арналған оқыту контентін жазу тәжірибесін растау
● Қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеу
● Жұмысқа 2024 жылғы қаңтардан бастап кірісу мүмкіндігі
● Орталық Азияда болу
● Ағылшын тілін еркін меңгеру
Келісімшарт шарты:
Кеңес беру қызметін көрсету келісімшарты – қашықтан.
ERIM тең мүмкіндіктер ұсынатын жұмыс беруші. Ұйым нәсіліне, дініне, дене бітіміне, жынысына, жасына, ұлтына, мүгедектігіне, сексуалдық бағытына, сырт келбетіне, отбасы жағдайына немесе міндеттеріне, гендерлік болмысына немесе өзін көрсетуіне қарамастан, білікті мамандардың өтінішін қолдайды.
Өтініш беру үшін:
Бұл жұмыс сізді қызықтырса, техникалық және коммерциялық ұсынысты cmartin@erim.ngo және erudenko@erim.ngo поштасына жіберіп, хат тақырыбына “QLEVER+ _оқыту ойындарының сарапшысы Тапсырма 1 және/немесе 2“ деп жазыңыз. Өтініштер бос орынға адам табылғанша қарастырылады. Бізге өте көп өтініш түсетіндіктен, сұрақтарға телефонмен жауап бере алмаймыз.