QLEVER 1 ақпаннан бастап қайта іске қосылады
QLEVER.Asia платформасы 1 ақпанда қайта іске қосылады. Сіздерді не күтеді?
- сыни ойлау мен логиканы дамытатын ойындар – оқиғалар, куиздер, симуляторлар, раннерлер, ойжұмбақтар, рөлдік ойындар және т.б. 🚀
- медиа, фактчекинг, хейт, тролльдер мен манипуляцияға қарсы тұру туралы қызық және танымдық мақалалар
- ойындар мен сауалнамаларда жиналған ұпайды шынайы сыйлықтарға айырбастау мүмкіндігі – жаңарған және толықтырылған, жүлделер жиналған «Дүкен» 1 ақпаннан бастап қолжетімді болады!
Qlever.Asia платформасына компьютердегі браузер арқылы кіріңіз немесе Android базасындағы телефондарға Play Market-тен QLEVER қосымшасын жүктеп алыңыз. Тіркеліңіз де, дағдыларыңызды жетілдіріңіз.
QLEVER платформасы – тақырыптық онлайн-ойындар мен ынталандыру амалдары арқылы Орталық Азиядағы осал жастардың Интернеттегі жалған ақпарат, пропаганда, радикализм мен өшпенділік тіліне қарсы тұруын және сыни ойлауын дамыту мақсатында бір топ серіктестер жасаған танымдық, көңіл көтеруші онлайн-портал.
2024 жылғы ақпаннан бастап платформа АҚШ Мемлекеттік департаменті Демократия, адам құқықтары және еңбек бюросы(DRL) қолдауымен «Білім беретін ойындар көмегімен (QLEVER+) Орталық Азиядағы осал жастардың өшпенділікке және пропагандаға қарсы тұру құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасы аясында жалғасады.
Жобаның атқарушы серіктестері: ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция), MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры (Қазақстан), «Медиа сабақ» Қоғамдық қоры (Қырғызстан) және «Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (Тәжікстан). Бұл жоба осы серіктестер 2020-2022 жылдары жүзеге асырған BRYCA жобасының логикалық жалғасы саналады.
Қосымша ақпарат алғыңыз келсе:
– FAQ https://kz.qlever.asia/faq/kz бөлімінен жауап іздеңіз
– @KzQleverBot Telegram-ботынан сұраңыз
– qleverkz@gmail.com поштасына жазыңыз.