Алматыда тренерлерге арналған трениң (ТоТ) өтті
21 қазанда MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Алматыда “Трениң өткізу әдістемесі мен құралдары” тақырыбында офлайн тренерлерге арналған трениң өткізді. Трениңге медиа, үкіметтік емес ұйым және жоғары оқу орындарының мамандары мен тәжірибелі оқытушылары қатысты. MediaNet және Factcheck.kz-тің тренерлері трениңге дайындалу және оны өткізу үшін қажет практикалық дағды мен әдістемелік ұсыныстарын бөлісті.
Трениңге қатысқан тренерлер алған білімдерін өз жұмысында қолдануға дайын екенін айтты. Қатысушылар шараның практикалық маңызын және ақпараттың пайдалы екенін атап өтті.
Шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр қорының қолдауымен ұйымдастырды.
MediaNet шаралары туралы білу үшін сайтымыздағы жаңалықтарды оқып отырыңыз.