Алматы қаласындағы №5 мектеп-гимназияның 9-сынып оқитын 25 оқушысы медиаcауат негіздерін ойындар мен жоба жұмыстар арқылы меңгерді
Алматы, 23 қазан 2024 ж. — Бүгін Алматы қаласындағы №5 мектеп-гимназияда медиасауат бойынша ерекше тренинг өтті. Бұл шараға 9-сынып оқушылары қатысып, сыни ойлау, фактчекинг және киберқауіпсіздік тақырыптарымен танысты. Мақсат — жастарға фактілер мен пікірлерді ажыратуды, сенімді ақпарат көздерін табуды және интернеттегі қауіпсіздік шараларын үйрету.
Тренинг мектеп директоры мен MediaNet Халықаралық журналистика орталығының медиасауат бағдарламасының жетекшісі Алёна Кошкинаның құттықтау сөздерімен басталды. Спикерлер қазіргі ақпараттық әлемде медиасауатты үйренудің маңызын атап өтіп, оқушыларға сыни ойлау қабілеттерін дамытуға деген ынтасы үшін алғыс білдірді.
Бағдарламада фактілерді тексеру, жалған жаңалықтарды анықтау және жеке киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын дамытуға бағытталған интерактивті блоктар болды. Оқушыларға әсіресе желідегі агрессивті әрекеттерге қарсы шаралар туралы мағлұмат берген кибербуллингтің алдын алу бойынша практикалық сессия ерекше әсер етті. Тренингтің соңында қатысушылар жаңа білімдерін медиажобалар барысында шешімдер әзірлеу арқылы бекітетін жоба жұмысын орындады.
Барлық қатысушы бағдарламаны сәтті аяқтап, дайындық деңгейлерін растайтын сертификаттар алды.
Іс-шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «Ниппон» қоры мен Алматы қаласы Білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырды.