Жаңа медиа бастамаға қосылуға шақыру
Eurasianet және MediaNet Қазақстандағы журналистерге елдегі өзгеріп жатқан құқықтық
ортаға бейімделуге қолдау көрсететін бірлескен бастаманы іске асырады. Бұл бастаманың
негізгі мақсаты — журналистерге дәлелді ақпаратты әзірлеу және тарату мүмкіндіктерін
сақтауда қолдау көрсету.
Жоба аясында техникалық және практикалық компоненттер үйлесімді жүзеге асады.
Онлайн және офлайн форматтағы семинарлар қатысушыларға медиа этикасын тереңірек
түсініп, жаңалықтарды бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі. Қазақстанда дәлелді
ақпараттың таралуына кедергі келтіретін қазіргі және жақын болашақтағы ықтимал
қиындықтар талқыланады. Журналистер мен контент жасаушылардың заңды құқықтарын
түсіндіріп, дәлелді мақалалар мен сараптамалар дайындаудағы этикалық міндеттемелерін
арттыруға бағытталған семинарлар ұйымдастырылады. Сонымен қатар журналистерге
тәжірибе алмасуға және құқықтық кеңеске қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыс тобын
құрамыз. Жоба барысында семинарлар арқылы алынған дағдыларды дамытуға арналған
практикалық мүмкіндіктерге баса назар аударылады. Практикалық кезеңде әзірленген
контент қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланып, көпшілікке қолжетімді
болады.
Бұл бастама журналистерге құқықтық мәселелер мен IT қауіпсіздік бойынша тегін және
қолжетімді кеңес алуға арналған тұрақты механизмдер құруды да көздейді.
Жоба 2024 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асады. Жобаға
үлес қосқан журналистер өз еңбектері үшін қаламақы алу мүмкіндігіне ие болады. Бастама
аясындағы іс-шаралар тұрақты жұмыс міндеттеріне кедергі келтірмейтіндей етіп
жоспарланады.
Қатысуға қызығушылық танытқандар келесі байланыс деректеріне хабарласа алады:
Бота Аязбаева, Medianet: ayazbayeva@medianet.ngo
немесе
Джастин Бёрк, Eurasianet атқарушы директоры: jburke@eurasianet.org
Жобаны Eurasianet және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырады.