QLEVER: 2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2024 жыл QLEVER+ жобасы үшін жетістіктер мен жарқын оқиғаларға толы нағыз мерекеге айналды! Біз дами алғанымызды, ойыншыларымызды қызық әрі пайдалы ойындармен, іс-шаралармен қуанта алғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл өсу, шабыттану және Орталық Азиядағы қолданушыларымыз бен қатысушыларымыздың керемет қолдауын алған жыл болды.
🎉 Платформада 170 мыңнан астам қолданушы бар!
Сіздің қызығушылығыңыз бен ықыласыңыздың арқасында QLEVER.Asia платформасына биыл 170 мыңнан астам қолданушы тіркелді: Қазақстаннан — 55 630, Қырғызстаннан — 50 658, Өзбекстаннан — 39 550, Тәжікстаннан — 24 574. Бұл жақсы көрсеткіш. Біз әр тіркелуші тек сан емес, сонымен қатар сыни ойлау мен ақпаратты тексеру дағдыларын дамытуға сенетін адамдар екенін мақтан тұтамыз.
🎁 Сізге арналған сыйлықтар!
2024 жыл QLEVER платформасының белсенді қатысушылары үшін нағыз мерекелі жыл болды. Жоба аясында көптеген сыйлық ойнатылды. Олардың ішінде мыналар бар:
- Баланс — сіз жұлдызшалар ⭐️ жинап, оларды ерекше сыйлықтарға айырбастай алдыңыз. Біз биыл 4 мыңнан астам баланс толықтырдық!
- Сыйлықтар — жоба тек қызық пен пайдалы платформаға ғана емес, сонымен қатар бағалы сыйлықтар көзіне айналды: гаджеттер, свитшоттар мен худилер, кітаптар мен үйге арналған тауарлар. Осы жылы шамамен 1800 сыйлық жібердік!
🎮 Жаңа ойындар — ескі тапсырмаларға жаңа көзқарас!
Сіздерді қызық ойындармен қуантуды жалғастырдық:
● 📸 Photofakes — жалған фотосуреттер мен суреттердегі манипуляцияларды анықтауды үйренетін ойын.
● 🔎 Crime Story — аналитикалық ойлауды дамытатын қылмысты тергеу туралы қызық оқиға.
● 💬 Moderatorka — онлайн кеңістікті модерациялау мен жауапкершілікті алудың маңызын түсіндіруге арналған ойын.
● 🧠 Brainy — әр қадам сайын ақылдырақ болуға мүмкіндік беретін логикалық аркада.
● ☕️ Time-Lapse Town — әр шешім маңызды болатын қала құрылысының пазлы.
Ойындарға қатысып, қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
⛺️ MediaCamp – жас медиабелсенділерді біріктіру!
Биыл Ыстықкөл мен Гүлистон-де екі ауқымды медиа лагерь өткіздік, оған 83 қатысушы жиналды! Жұмыс нәтижесінде Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан қатысушылары 31 медиа жоба — мақалалар топтамасын, сұхбаттар, тренингтер, семинарлар, дебаттар және т.б. дайындады. Сонымен қатар біз сияқты білім беру онлайн ойындарын жасағысы келетіндер үшін пайдалы нұсқаулық шығардық 😉.
⚡️ Гранттар және медиасауатты ілгерілету!
2024 жылғы мамыр айында Алматы қаласында өткен жыл сайынғы InternetCA форумында біз Орталық Азияда дезинформациямен күресуге көмектесетін жобалар үшін қаржылай қолдау мүмкіндігін жарияладық. Қазіргі уақытта үш керемет ұйым бұл идеяны радиосериал, білім беру подкасттары мен видеокасттар және медициналық фактчекинг форматында жүзеге асырып жатыр.
👏 QLEVER-ге қолдау көрсетіп, қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
Биыл сіздердің жетістіктеріңізден, пікірлеріңізден және белсенділігіңізден шабыт алдық. Жобаны бүгінгі деңгейге жеткізген сіздерсіздер! Сіздердің қолдауларыңыз — біздің басты құндылығымыз. Әрқайсыңызға бізбен бірге болғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Келесі жыл одан да қызық ойындар, сыйлықтар мен даму мүмкіндіктерін әкелетініне сенімдіміз.
Бізбен болғандарыңызға рахмет!
Жаңа жылда жаңа жетістіктерге бірге жетейік! 🚀
🧚🏼 ERIM, MediaNet, Morvo, Gurdofarid және MJDC Әрдайым сіздермен бірге!