FactCheck Dive 2025: Қазақстандағы жалған ақпаратқа қарсы күрес
Жалған ақпарат Қазақстанда қоғамдағы сенімді әлсіретіп, саналы шешім қабылдауға кедергі келтіріп, әлі де қауіпті болып отыр. FactCheck Dive 2024 бастамасының жетістіктеріне сүйене отырып, MediaNet ұйымы FactCheck Dive 2025 жобасын іске қосады. Бұл жоба Қазақстанда әртүрлі қоғамдық топтар арасында сыни ойлау қабілетін, медиасауатты және фактчекиң дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруға ақпараттандыруды және тұрақты қоғам құруды мақсат еткен Nippon қоры қолдау көрсетті.
Бұл неліктен маңызды?
Онлайн платформалар дамыған сайын жалған ақпараттың таралуы да артып келеді. Мектептер мен университеттерде медиасауат деңгейі жеткіліксіз болғандықтан FactCheck Dive 2025 жобасы практикалық тренингтер арқылы осы олқылықтардың орнын толтыруды мақсат етелі. Бұл жоба Қазақстан азаматтарына жалған ақпаратты анықтап, оған қарсы тұруға мүмкіндік берумен қатар ашықтық, шындық және ақпаратты саналы түрде саралап қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жетістіктердің жалғасы
2024 жылы FactCheck Dive жобасы мынадай нәтижелерге қол жеткізді:
- Сыни ойлау мен фактчекинг дағдыларын дамытуға арналған көпшілікке арналған онлайн-курс.
- Алматыда тренингтердің үздік түлектеріне бағытталған OSINT шеберханасы.
- Оқушылар арасында дағдыларды дамытуға арналған мектептердегі медиасауат бойынша пилоттық дәрістер.
2025 жылы біз одан да көп нәтижеге қол жеткізуді жоспарлап, жобаның ауқымын кеңейтіп, әдістемені дамытып, Қазақстандағы медиасауатқа оң әсер етуді көздеп отырмыз.
Не күтуге болады?
FactCheck Dive 2025 жобасы аясында мынадай шаралар жүзеге асырылады:
- 100+ медиамаманды оқыту: Журналистер, студенттер және оқытушылар үшін Қазақстанның үш өңірінде теориялық және практикалық білім беретін үш күндік тренингтер өткізіледі.
- OSINT бойынша тереңдетілген оқу: Өңірлік тренингтердің үздік 25 түлегі Алматыда алдыңғы қатарлы ашық ақпарат көздерін, зерттеу құралдарын меңгеруге арналған шеберлік сабағына қатысады.
- Жастарға арналған медиасауат: Алматы қаласындағы 100-ден астам мектеп оқушысы ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауды, интернетте өзін қорғауды және кибербуллингке қарсы тұруды үйренеді.
- Фактчекерлерді сертификаттау жүйесін әзірлеу: Фактчекинг дағдыларын бағалау және сертификаттау үшін пилоттық тестілеу жүйесі әзірленіп, сынақтан өткізіледі.
Негізгі кезеңдер
- Өңірлік тренингтер (2025 жылғы наурыз–мамыр)
- OSINT бойынша уоркшоп (2025 жылғы қыркүйек)
- Мектеп оқушыларына арналған медиасауат дәрістері (2025 жылғы қазан–қараша)
- Фактчекерлерді тестілеудің пилоттық жүйесін іске қосу (2025 жыл ішінде)
Біздің миссиямыз
MediaNet жалған ақпаратқа қарсы тұра алатын тұрақты қоғам қалыптастыруға ұмтылады. Nippon қорының қолдауымен біз өткен жылдың жетістіктерін нығайтып, ауқымды іс-шаралар өткізу арқылы адамдарға сыни ойлауды және медиа ақпаратты саралап қабылдауды үйретеміз.
Қазақстанның ақпараттанған болашағына бірге қадам жасайық!