Атыраудағы фактчекинг: медиасауатқа қарай қадам

Батыс Қазақстанның әр түкпірінен жиналған журналистерді, студенттер мен оқытушыларды біріктіретін не? Дезинформациямен күресуге және фактчекинг құралдарын меңгеруге деген ынта! Дәл осы мақсатта 2025 жылғы 8–10 сәуір аралығында Атырауда журналистерге, ЖОО студенттері мен оқытушыларына арналған қарқынды трениң өтті. Шараға Атырау, Ақтау және жақын аудандардан 27 адам қатысты.

Үш күн бойы қатысушылар ашық дереккөздерден ақпарат іздеу, интернеттегі кеңейтілген іздеу әдістері, фото мен видеоны (оның ішінде жасанды интеллект көмегімен жасалғандарын да) тексеру, үгіт-насихатты деконструкциялау, прeбанкиң тәсілдері, сондай-ақ фактчекинң материалдарын жазу құрылымы бойынша білім алды.

Трениң MediaNet халықаралық журналистика орталығының ұйымдастыруымен және Nippon қорының қолдауымен өтті.

Атырау университетінің ректоры, Халел Досмұхамедов атындағы білім ордасының басшысы Идрисов Саламат Нұрмұханұлына трениң өткізуге алаң ұсынғаны үшін, сонымен қатар университет қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен жан-жақты қолдауы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

Бұл шара Батыс Қазақстандағы дезинформацияға қарсы тұра алатын медиасауатты мамандар желісін дамытудағы маңызды қадам болды.