Биылғы FactCheck Dive Offline трениңдер сериясы сәтті аяқталды — нәтижесінде 101 қатысушы қамтылды!

 22–24 сәуір аралығында Астанада FactCheck Dive Offline сериясының қорытынды трениңі өтті. Оған Астана, Қостанай, Қарағанды және Көкшетау қалаларынан келген 50 журналист, студент және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Үш күн бойы қатысушылар фактчекиңнің негізгі дағдыларын меңгерді: мәтін, фото және видеоны тексеру, жасанды интеллектпен жасалған контентті тану, ашық дереккөздермен (OSINT) жұмыс істеу, жетілдірілген іздеу тәсілдері мен пайдалы қосымшаларды қолдану. Трениңдіі Factcheck.kz редакторлары мен журналистері жүргізді.

Жоба серіктесі Ниппон Қорының халықаралық жобалар жөніндегі аға үйлестірушісі Казуки Накамура трениңнің арнайы қонағы болды.

Атырау мен Түркістанда өткен алдыңғы трениң қатысушыларын қоса алғанда, ең белсенділер алдағы екі айда біздің сарапшыларымыздың менторлық қолдауымен өз материалдарын жариялайды.

Ал күзде біз ең ең деген үздіктерді кеңейтілген офлайн трениңге жинаймыз!Жоба MediaNet халықаралық журналистика орталығының ұйымдастыруымен және Ниппон Қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Баршаңызға белсенділік пен ынта-жігеріңіз үшін алғыс білдіреміз, бірлесе отырып медиасауат пен фактіні тексеру дағдыларын дамытуды жалғастырамыз!