Орталық Азия Медиа және ақпараттық сауатты дамыту үшін күш біріктіруде

2025 жылдың 30 қазанында Алматыда «MIL Bridge Central Asia: Медиа және ақпараттық сауат саласындағы жаһандық сын-қатерлерге шешімдер» атты өңірлік форум өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі мен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырды.
Форум жыл сайын қазан айының соңында бүкіл әлемде аталып өтетін Медиа және ақпараттық сауат жаһандық апталығына (Global MIL Week) орайластырылған.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген 35 сарапшы, зерттеуші, журналист және медиатренер қатысып, тәжірибе алмасып, ұлттық бастамаларды таныстырып, өңірде медиа және ақпараттық сауатты (МАС) ілгерілету жолдарын талқылады.

Форумның ашылуында сөз сөйлегендер:

  • Амир Пирич, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің директоры;
  • Аделин Юлан, ЮНЕСКО штаб-пәтерінің МАС бөлімінің жетекшісі;
  • Адиль Джалилов, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры.

Спикерлер Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту этикаға, сыни ойлауға және жауапкершілікке негізделген тұрақты цифрлық экожүйені қалыптастырудың маңызды алғышарты екенін атап өтті.

Форум сессиялары: тәжірибеден бірлескен шешімдерге дейін

Бірінші сессия (модераторы – Игорь Братцев, Қазақстан) медиа және ақпараттық сауатты дамытудың орнықты тәсілдеріне арналды. Өзбекстан, Пәкістан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген спикерлер медиа сауатты білім беру және мемлекеттік процестерге енгізуге бағытталған ұлттық бағдарламалар мен стратегияларды ұсынды.

Екінші сессия, модераторы – Рустам Гулов (Тәжікстан), жастар арасында МАС-ты ілгерілету және әлеуметтік желілердегі дезинформацияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды. Талқыланған бастамалар қатарында Social Media 4 Peace, фактчекингті дамыту және МАС-ты білім стандарттарына сквозной құзырет ретінде енгізу болды.

Үшінші сессия, модераторы – Дилфуза Мирзахмедова (Өзбекстан), МАС-ты дамыту бойынша жаңа идеялар мен инновациялық құралдарды таныстырды. Атап айтқанда: MILEE App платформасы, Mediamap.kg интерактивті картасы, RasInfo жобасы және Өзбекстанның цифрлық ортасын зерттеу нәтижелері.
Қатысушылар ерекше қызығушылықпен Алтон Гриззлдің (ЮНЕСКО) «МИГ қалалары» бастамасы туралы таныстырылымын тыңдады.

MIL Bridge Central Asia форумының қатысушыларының ұсыныстары

Форумның қорытынды топтық жұмысында (фасилитатор – Алена Блинова, Қазақстан) қатысушылар Орталық Азияда медиа және ақпараттық сауатты дамыту мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірлескен ұсынымдар пакетін әзірледі.

1. МАС пен жасанды интеллекттің өңірлік экожүйесін құру
– МАС, цифрлық этика және жасанды интеллект салаларында ортақ даму стратегиясын әзірлеу;
– МАС пен ЖИ-ді өзара байланысты цифрлық құзыреттердің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.

2. Өңірлік желі және тұрақты диалог
– Global Media and Information Literacy Alliance шеңберінде өңірлік бөлім мен кәсіби сарапшылар желісін құру;
– жыл сайынғы өңірлік MIL Bridge Forum және тақырыптық кездесулер өткізу;
– ресурстармен, зерттеулермен және деректермен алмасуға арналған онлайн-платформа жасау.

3. Ынтымақтастықты институционалдандыру
– өңір елдері арасында өзара түсіністік туралы меморандум (MoU) қабылдау;
– әр елдің мемлекеттік құрылымдарында МАС бойынша үйлестірушілерді анықтап,
прогресті және қабылданған шешімдердің орындалуын тұрақты бақылау жүйесін орнату.

4. Салалар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту
– мемлекет, медиа, білім беру мекемелері мен ҮЕҰ арасындағы серіктестікті нығайту;
– МАС және цифрлық этика мәселелері бойынша жұмыс топтары мен зерттеу зертханаларын құру.

5. Білім және кадрлар даярлау
– МАС пен ЖИ-сауатты білім беру стандарттарына енгізу (ГОСО);
– мұғалімдерді цифрлық мәдениеттің медиаторлары ретінде даярлау;
– халықаралық тәжірибе алмасуды және болашақ мамандықтарды дамыту.

6. Ұлттық және өңірлік бастамалар
– МАС пен цифрлық этика жөніндегі жобалар каталогын құру;
– жастар мен журналистерге арналған алмасу және грант арқылы қолдау  бағдарламаларды кеңейту.

7. Жауапты цифрлық даму
– фактчекингті барлық форматта, соның ішінде ЖИ-контентте қолдану;
– ағартушылық кампанияларды, фестивальдерді және цифрлық сауаттылық хабтарын дамыту;
– технологияларды адамға бағытталған және инклюзивті тұрғыдан ілгерілету.

Форум қорытындысында қатысушылар Орталық Азияда медиа және ақпараттық сауат бойынша өңірлік стратегияны қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, MIL Bridge Central Asia тәжірибе алмасу алаңынан гөрі, цифрлық даму кеңістігін құру жолындағы маңызды кезеңге айналды.

Форум ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі мен MediaNet Халықаралық журналистика орталығының қолдауымен 2025 жылғы Медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығы (Global MIL Week) аясында өткізілді.