Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік проблемалар туралы хабардарлықты арттыру
“Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік проблемалар туралы хабардарлықты арттыру” жобасын Финляндияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырды. Бұл бастама бірнеше мақсатты көздеді, соның ішінде жаттықтырушыларды даярлау арқылы гендерлік мәселелер бойынша сарапшылардың әлеуетін дамыту, Қазақстандағы әйелдердің медиа өкілдігін және ақысы төленбейтін әйелдер еңбегін зерттеу. Сонымен қатар, гендерлік теңдік және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің әртүрлі формалары туралы пікірталасқа аудиторияны белсенді тарту үшін квизалар әзірленді.
Күні:
Ақпан 2022 жыл