«MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры The Nippon Foundation* қолдауымен «Медиа және ақпараттық сауат пен фактчекинг әлеуетін арттыру» (FactCheck Dive) жобасын қолға алды.
2024 жылғы қаңтар мен желтоқсан аралығына жоспар:
- 18-35 жас аралығындағы 50 студент пен жас маманға қазақ және орыс тілдерінде ақпаратты ашық дереккөзден тексеруді, фото мен видео фейктерді әшкерелеуді, мақала жазу және жасанды интеллект пен мультимедиа құралдарын қолдану арқылы деректерді визуализациялауды үйрену үшін 2024 жылғы сәуір мен мамыр аралығында онлайн тренингтер өткізу;
- Курстың 25 үздік түлегіне білім деңгейі мен қабілетін дамыту үшін 2024 жылғы тамыз-қыркүйек аралығында Алматыда тренерлердің қатысуымен өтетін екі күндік офлайн шеберлік сыныбын өткізу;
- Офлайн тренинг түлектерін спикер ретінде Алматыда 2 орта мектептің 50 оқушысына сыни ойлау және киберқауіпсіздік тақырыптарына екі шеберлік сыныбын ұйымдастыру.
Жоба практикалық білімге басымдық береді және ең үздік жұмыстар фактчекинг саласындағы веб-сайттарда жарияланады. Сертификат беру тренинг пен шеберлік сынып қатысушыларының жектістіктеріне қарай беріледі.
* “Ниппон” қоры-гранттар беретін жеке коммерциялық емес ұйым. Қор Жапонияның Токио қаласында орналасқан. Оны 1962 жылы Рөичи Сасакауа құрған. Қор қайырымдылық қызметін жүргізеді және гуманитарлық көмек көрсетеді, оның ішінде әлеуметтік салада, ел ішінде де, шетелде де денсаулық сақтау және білім беру салаларында.