Қоғамдық көліктегі қудалауды жеңу
#ТИІСПЕ – #қол тигізбе жобасы аясында қоғамдық көліктегі кең аудиторияға жыныстық қудалау мәселесі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында ауқымды ақпараттық науқан жүргізілді.
Географиялық қамту:
Науқан Қазақстанның алты ірі қаласында: Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Атырау, Семей қалаларында офлайн режимінде өткізілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін қамту үшін ақпараттық науқан онлайн-форматта да іске асырылды. Жоба материалдары әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында, қазақ және орыс тілдерінде жарияланды.
Күні:
сәуір-шілде 2023 жыл