«Білім беретін ойындар көмегімен (QLEVER+) Орталық Азиядағы осал жастардың өшпенділікке және пропагандаға қарсы тұру құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» жобасы онлайн-ойындар мен офлайн ісшаралар арқылы Орталық Азиядағы осал жастардың сыни ойлау деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл жоба 2023 жылы қазанда іске қосылды және серіктестер 2020-2022 жылдары сәтті жүзеге асырған BRYCA жобасының жалғасы іспеттес.

Жобаның негізгі компоненті – QLEVER платформасын жасау. Бұл – онлайн-ойындар мен ынталандыру амалдары арқылы Орталық Азиядағы Орталық Азиядағы осал жастардың Интернеттегі жалған ақпарат, пропаганда, радикализм мен өшпенділік тіліне қарсы тұруын және сыни ойлауын дамыту мақсатында бір топ серіктестер жасаған танымдық, көңіл көтеруші онлайн-портал.

QLEVER қолданушылары – Орталық Азия елдерінің, атап айтқанда Қырғызстан, Қазақстан және Тәжікстанның алыс аудандарындағы 12-35 жас аралығындағы, Өзбекстандағы 18-35 жас аралығындағы жастар. Бүгінгі таңда Орталық Азияда 130 000 мыңнан астам белсенді ойыншы бар, олардың 48 мыңнан астамы – Қазақстанда.

Медиа және ақпараттық сауат деңгейін арттыру үшін серіктестер жасаған білім беретін және көңіл көтеретін ойындардан бөлек, платформада ақпараттық материалдар, жаңалықтар, интерактив сауалнамалар, викториналар және т.б. бар. Белсенділік арқасында жиналатын баллдарды тұтынушылар «Дүкен» бөлімінде шынайы сыйлықтарға айырбастай алады.

Платформаны қолдану тегін жүзеге асырылады және тұтынушылардан ешқандай ақшалай немесе материалдық салым қажет етілмейді. Сервис коммерциялық емес мақсатта қолданылады және коммерциялық қызметтер ұсынбайды.

Платформаның барлық контенті қазақ, қырғыз, тәжік, өзбек және орыс тілдерінде шығады.

QLEVER платформасы Android операциялық базасы негізіндегі цифрлық құрылғыларда, сонымен қатар Chrome, Mozilla Firefox, Microsoft Edge, Safari, Opera браузерлерінде www.qlever.asia веб-сайтында қолжетімді.

Жобаның негізгі компоненті – жастар мен оқытушылардың медиа және ақпараттық сауат, фактчекинг туралы ақпараттану деңгейін арттыру үшін жасалған ісшаралар, сонымен қатар өңілдерде MIL Camps аясында өтетін тренингтік лагерьлер мен серіктес мемлекеттердегі нетворкинг-ісшаралар.

Сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі фактчекингті қолдау және дамыту үшін қаржылай қолдау және осы тақырыппен айналысатын ұйым менторлығы арқылы Фактчекинг пен медиасауаттың Еуропалық желісі мүшелерінің кіші гранттары бағдарламасын (EFMN) жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жобаның атқарушы серіктестері: ERIM (Equal Rights and Independent Media, Франция), MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры (Қазақстан), «Медиа сабақ» Қоғамдық қоры (Қырғызстан) және «Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (Тәжікстан). Қолдау білдірген: АҚШ Мемлекеттік департаменті Демократия, адам құқықтары және еңбек бюросы (DRL).

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

Алёна Кошкина, Qlever+ жобасының Қазақстандағы менеджері: alyona@medianet.ngo, +77479879879