TechCamp Kazakhstan 2023

Әлемнің түрлі елдеріндегі TechCamp семинарлары өзекті міндеттердің ортақ инновациялық технологиялық шешімін табу үшін түрлі сала сарапшылары мен қатысушыларды біріктіреді.

2023 жылдың 14-16 сәуірінде Астанада Қазақстандағы АҚШ Миссиясы, АҚШ мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдениет бюросы мен жергілікті серіктес MediaNet Халықаралық журналистика орталығы TechCamp Kazakhstan халықаралық семинарын өткізді. Негізгі мақсаты – жеке сектор, азаматтық қоғам, медиа өкілдері мен инфлюенсерлерден құралған аймақтағы жалған ақпаратқа қарсы тұратын тұрақты желі құру.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның медиа, білім беру институттеры мен азаматтық қоғам өкілдері 3 күн ішінде фактчекиң, нейрожелі қызметтері, мобилография, медиасауат, киберқауіпсіздік, SMM және краудфандиң құралдары туралы білім алды.

Толық ақпаратты сайттан оқи аласыз:

Күні:

14-16 сәуір 2023 жыл