«Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: іс-қимыл жоспары» онлайн-дискуссиясы өтті
22 қараша «Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: іс-қимыл жоспары» онлайн-дискуссиясы өтті.
Эфирге сілтеме: https://www.facebook.com/medianetkaz/videos/722839339759910
Шара тілдері: қазақ, орыс.
Дискуссияға белсенділер, журналистер, азаматтық қоғам өкілдері және барлық мүдделі тұлғалар қатысты.
Дискуссия сұрақтары:
- Қазақстандағы тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесіндегі жалпы тенденция мен кейінгі 5-10 жыл ішінде мәселені шешудегі саяси талпынысты бағалау.
- Әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеңудің ұзақ, орта және қысқа мерзімге арналған жоспар дайындау.
- Гендерлік зорлық-зомбылық үшін жазаның бұлтартпастығы мен зорлыққа бейтолерант көңіл-күй қалыптастыру.
Шара Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыратын «Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызы туралы қазақстандық аудиторияның хабардарлығын арттыру» жобасы аясында ұйымдастырылады. Барлық сұрақтар бойынша Снежана Цойға хабарласыңыз: snezhana.tsoy@medianet.ngo.