Әр үшінші әйел өмірінде бір рет болсын интимді серігінің тарапынан физикалық және/немесе сексуал зорлыққа, бөтен адам тарапынан не екеуінен де сексуал зорлыққа тап болған. 25 қарашада гендерлік зорлық проблемасына назар аудару және бүкіл әлем бойынша оның алдын алуды алға тарту мақсатында ұйымдастырылатын «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты халықаралық науқан басталды. Ол 25 қараша әйелдерге қатысты …
November 2023
23 қараша күні Factcheck.kz орыстілді нұсқасының бас редакторы Медет Есімханов фактчекиң бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шара КИМЭП Медиа және коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Қажымұратованың шақыртуымен ұйымдастырылды. Қатысушылар жалған ақпарат қамтитын хабарласалардың негізгі маркерлерімен танысып, желідегі іздеу процесін жеңілдету, фото мен видеоны тексеру жолдарын білді.
22 қараша «Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: іс-қимыл жоспары» онлайн-дискуссиясы өтті. Эфирге сілтеме: https://www.facebook.com/medianetkaz/videos/722839339759910 Шара тілдері: қазақ, орыс. Дискуссияға белсенділер, журналистер, азаматтық қоғам өкілдері және барлық мүдделі тұлғалар қатысты. Дискуссия сұрақтары: Шара Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыратын «Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызы …
Құрметті әріптестер! Сіздерді Финляндия елшілігі, Нархоз Университеті мен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «ФИНЛЯДИЯ-ҚАЗАҚСТАН: ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚҚА АРНАЛҒАН БІЛІМ» атты гибрид конференцияға шақырады. Өтетін күні: 27 қараша, дүйсенбі Уақыты: 14:00-18:00 (Астана уақытымен) Шара өтетін орын: Нархоз университеті, Жандосов көшесі 55, Алматы, 109 аудитория, 1 қабат Шарада ілеспе аударма болады. Келесі сілтемеге өтіп, тіркелуіңізді сұраймыз: https://www.lyyti.fi/reg/EDUCATION_FOR_A_SUSTAINABLE_FUTURE_FROM_FINLAND_TO_KAZAKHSTAN_5305?fbclid=IwAR04O9pqRWluKApKdkWvqs3VLe3YBncZkxpT0iKfZLj2-BIZ_4RAqCqUPYQ
2022 жылдың қараша айы мен 2023 жылдың қазаны аралығында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы АҚШ Миссиясының, АҚШ-тың Білім және мәдениет істері бойынша Мемлекеттік департамент Бюросының (ECA) қолдауымен TechCamp Kazakhstan жобасын жүзеге асырды. 2023 жылдың 14-16 сәуірі күндері Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның медиа, білім беру институттары және азаматтық қоғам өкілдеріне фактчекиң, нейрожелі қызметтері, мобилография, …
13-14 қараша күндері Астанада АҚШ мемлекеттік департаменті алмасу бағдарламасы түлектеріне арналған AlumniFactLab трениңі өтті. Қатысушылар ақпаратты – фактілер, фотосуреттер мен видео және т. б – тексеру мен іздеуді, трениңдер аясында трениң өткізу мен жасанды интеллектті қолдануды үйренді. Трениңге Шымкент, Атырау, Қостанай, Өскемен, Қарағанды, Орал, Петропавл, Степногорск, Алматы, Астана қалаларынан мұғаімдер, ҰЕҰ өкілдері, эксперттер мен студенттер …
Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен медиа жұмысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланудың маңызы зор. Себебі ол басқару процесін жүйелеуге, саралап шешім қабылдау үшін көлемді деректерді талдауға көмектеседі, мақсатқа жетуді жеңілдетіп, жұмыс тиімділігін арттырады. ЖИ күн сайын өзгеріп жатқан, тұрақсыз жағдайларға бейімделуді үйретеді, үрдістерді болжауға көмектеседі және дербес контент пен коммуникация арқылы аудиторияның қызығушылығын арттырады. 2023 …
2023 жылдың 6 қарашасында Астана қаласында Қазақстан азаматтарының өзара сыйластығын, тең құқыққа ие екенін көрсетуге, қоғамымыздың бірлігі мен әралуандығын сақтауға арналған #Бірге ақпараттық науқаны таныстырылды. Жоба аясында Қазақстанның барлық өңіріне таратылатын көрнекі материалдар жасалды. Науқанды MediaNet Халықаралық журналистика орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Конрада Аденауэра …