Астанада AlumniFactLab трениңі өтті
13-14 қараша күндері Астанада АҚШ мемлекеттік департаменті алмасу бағдарламасы түлектеріне арналған AlumniFactLab трениңі өтті.
Қатысушылар ақпаратты – фактілер, фотосуреттер мен видео және т. б – тексеру мен іздеуді, трениңдер аясында трениң өткізу мен жасанды интеллектті қолдануды үйренді.
Трениңге Шымкент, Атырау, Қостанай, Өскемен, Қарағанды, Орал, Петропавл, Степногорск, Алматы, Астана қалаларынан мұғаімдер, ҰЕҰ өкілдері, эксперттер мен студенттер қатысты.
Жақын арада қатысушылар өз қалаларында трениң өткізеді.
AlumniFactLab-ты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, Factcheck.kz Астанадағы АҚШ Елшілігімен Alumni Engagement Innovation Fund (AEIF) аясында серіктестікте ұйымдастырды.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Мөлдір Утегенова, utegenova@medianet.ngo, +77088271271 (тек WhatsApp/Signal)