Factcheck.kz КИМЭП университетінде фактчекиң бойынша шеберлік сабағын өткізді

23 қараша күні Factcheck.kz орыстілді нұсқасының бас редакторы Медет Есімханов фактчекиң бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Шара КИМЭП Медиа және коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Қажымұратованың шақыртуымен ұйымдастырылды.

Қатысушылар жалған ақпарат қамтитын хабарласалардың негізгі маркерлерімен танысып, желідегі іздеу процесін жеңілдету, фото мен видеоны тексеру жолдарын білді.