TechCamp Kazakhstan шағын гранттар бағдарламасының түлектері аймақта дезинформацияның таралуына қарсы тұруға арналған тоғыз ортаазиялық жобаны таныстырды 

2022 жылдың қараша айы мен 2023 жылдың қазаны аралығында MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Қазақстандағы АҚШ Миссиясының, АҚШ-тың Білім және мәдениет істері бойынша Мемлекеттік департамент Бюросының (ECA) қолдауымен TechCamp Kazakhstan жобасын жүзеге асырды. 

2023 жылдың 14-16 сәуірі күндері Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның медиа, білім беру институттары және азаматтық қоғам өкілдеріне фактчекиң, нейрожелі қызметтері, мобилография, медиасауат, киберқауіпсіздік, SMM мен краудфандиң бойынша 3 күндік оқу ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – Орталық Азияда фейк және манипуляциялық ақпарат, пропаганда мен қастандық тілін таратуға қарсы тұратын жобаларды іске асыру үшін жеке сектор, азаматтық қоғам, медиа мен инфлюэнсерлерден құралған желі құру. 

2023 жылдың 1 қарашасында Алматыда TechCamp Kazakhstan қорытындылау кеші өтті. Оның аясында білім алып, серіктестердің грантына ие болған бағдарлама түлектері жобаларының нәтижесін таныстырды:

  1. Фактілерді тексеру: Сендіру мазмұнындағы дезинформация

Студенттерге ұялы телефон көмегімен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпаратты тексеруге мүмкіндік беретін, үй тапсырмасы тексерілетін және курсты аяқтағаны туралы сертификат берілетін 6 модульді бейнекурс. 

Сілтеме: https://openj.net

Авторы: Қарлыға Мысаева, Қазақстан

Жүзеге асқан мерзімі: 2023 жылдың тамыз-қыркүйек айлары

Өткен орны: онлайн 

Аудиториясы: 194 студент 


2. Медиасауат және дезинформациямен күрес

Jom.tj платформасындағы видео форматтағы бес эксплейнер мен ақпараттық соғыс, дезинформация, пропаганда, дипфейк, гаджеттерді пайдалану қаупі мен жасанды интеллект тақырыптарына қатысты медиа және ақпараттық сауатты көтеруге бағытталған «Тоҷикистон» ұлттық радиосындағы бес бағдарлама. 

Авторлары: Шахло Акобирова мен Сафарбек Кабиров, Тәжікстан

Жүзеге асқан мерзімі: 2023 жылдың қыркүйек айы 

Өткен орны: радио мен онлайн

Аудитория: ел тұрғындарының 88,6%-і  

3. Орталық Азиядағы қарапайым адамдардың өміріне Украинадағы соғыстың әсері

Украинадағы соғыстың әсерін сезген қырғызстандық қаһармандармен төрт видео-репортаж. 

Сілтемелер:

  1. https://youtu.be/oun6y0vje08
  2. https://youtu.be/amLyRfMZLqc?si=cwnwPWPR-45QBK3t
  3. https://youtu.be/stCKaIh6k0M
  4. https://youtu.be/_tjMJh4VhOs

Авторлары: Элвира Султанмурат кызы мен Асель Шамилова, Қырғызстан 

Жүзеге асқан мерзімі: 2023 жылдың шілде-қыркүйек айлары 

Өткен орны: Қырғызстан өңірлері

Аудиториясы: 2 300 000+ қаралым

4. Орталық Азиядағы әйел журналистер мен блоггерлердің киберқауіпсіздік қабілеттерін дамыту

Кибергигиена, жеке деректерді қорғау, киберқауіпсіздіктің техникалық дағдылары саласы мамандары, сондай-ақ кибершабуыл жасалып, жеке ақпарат тарап кеткен жағдайда заңды көмек көрсететін алдыңғы қатарлы сарапшылар Орталық Азиядағы әйел журналистер мен блоггерлерге киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары мен негіздерін үйрететін онлайн-трениңдер өткізді. 

Сонымен қатар, киберқауіпсіздік бойынша ары қарай қолдау, көмек көрсету және нетворкиң үшін ОА әйелдері мен блоггер әйелдерге Телеграмда платформа құрылды. 

Авторлары: Элира Турдубаева, Қырғызстан мен Дилфуза Мирзахмедова, Өзбекстан 

Өткен уақыты: 2023 жылдың шілде-тамыз айлары

Өткен орны: онлайн

Аудиториясы: Орталық Азия елдеріндегі 30 әйел журналист пен блоггер

5. Сыни ойлау мектебі

Журналистика факультеті студенттері мен тәжірибесі екі жылға жетпейтін журналистерге арналған сыни ойлау бойынша бір күндік офлайн трениң. 

Мектеп сыни ойлау қабілеттерін және жас журналистердің кәсіби дағдысын дамытуға бағытталған. 

Авторлары: Алёна Субботина мен Анастасия Емцова, Қазақстан 

Жүзеге асқан уақыты: 2023 жылдың 5 шілдесі

Өткен орны: Астана, Қазақстан

Аудиториясы: Астананың 20 студенті мен жас журналисі

6. Орталық Азия елдеріндегі Ресей пропагандасы нарративтерін талдау

Қырғызстан мен Орталық Азия елдеріне Ресей пропагандасының ықпалы туралы төрт аналиталық материал.

Сілтемелер: 

1. https://www.instagram.com/p/Cx5be6qoGUv/ 

2. https://www.instagram.com/p/Cyvj6qioGE1/ 

3. https://www.instagram.com/p/CxnWdW-o1za/ 

Авторы: Эрлан Орозобаев, Қырғызстан

Жүзеге асқан мерзімі: 2023 жылдың шілде-қазан айлары

Өткен орны: онлайн

Аудиториясы: 12000+ қаралым

7. Senbe.kz: әлеуметтік желілерде дезинформациямен күрес

Фейктерді әшкерелеп, дезинформацияға қарсы күресу мақсатында тұрғындарға ақпарат тарататын Instagram-дағы парақша. 

Қазіргі уақытта парақшаға 32 бейнеролик жүктелген. 

Сілтеме: https://instagram.com/senbekz2023?igshid=NzZlODBkYWE4Ng==

Авторлары: Сандуғаш Дүйсенова, Олег Великий және Нұргүл Алина, Қазақстан

Жүзеге асқан уақыты: 2023 жылдың шілде-қыркүйек айлары

Өткен орны: онлайн

Аудиториясы: 90 000+ қаралым

8. Өзбекстанда фактчек қауымдастығы мүшелерінің әлеуетін арттыру

Фактчекиң бойынша білімді арттыруға арналған екі күндік вебинарлар. Оған халықаралық сарапшылар тартылып, ары қарай менторлықпен айналысып, қатысушылар материал дайындады. 

Нәтижесі:16 фактчекиң материал, 4 далалық фактчек, 1 сауалнама, уәделерді қадағалау мен мәлімдемелерді тексеру форматындағы 9 жариялым. 

Сілтеме: factchecknet.uz 

Авторы: Дилфуза Мирзахмедова, Өзбекстан

Жүзеге асқан мерзімі: 2023 жылдың шілде-қыркүйек айлары

Өткен орны: онлайн

Аудиториясы: вебинарға 60 адам тіркелген, материалдарды 8000+ адам көрді

9. Контентті желіге бейімдеу және аудиторияны жұмылдыру

Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының қатысушыларына мобилография, SMM, түсірілім, монтаж, копирайтиң негіздері, адвокаттық іс пен басқа да тақырыптар арқылы контент жасау трениңдері ұйымдастырылды.

Авторы: Асқар Ақтілеу, Қазақстан

Жүзеге асқан уақыты: 2023 жылдың шілде айы

Өткен орны: Ақтөбе, Ақтау, Қазақстан

Аудиториясы: 50 қатысушы